Ел есінде қалатын есім
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға аяулы анасы Жылангөзова Раиса Рахымжанқызының өмірден өтуіне орай, еліміздің Бас редакторлар қауымы атынан қайғырып көңіл айтамыз.

Танымал педагог Раиса Рахымжанқызы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, адами, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін ағарту ісіне барынша үлес қосқан еліміздің ұлағатты ұстаздарының бірі еді. Адамды қанша уақыт есте сақтаса, сонша өмір сүреді. Анаңыздың тәрбиесін көрген жүздеген шәкірттерінің есінде ар-ожданы, мәдениеті битаза адам ретінде қалатыны сөзсіз. Сіздің, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қайғысына ортақпыз.
“Бас редакторлар клубы” қоғамдық бірлестігі
Загрузка...