NIS командасы 2021 жылғы ең үздік олимпиадалық команда атанды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2021» аталымы бойынша бірінші орын алды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

2021 жылғы республикалық олимпиада сәуір айының 25-30 күндері аралығында ұйымдастырылып, NIS оқушылары еліміз бойынша алпы саны 86 медаль жеңіп алды. Жоғары көрсеткіштердің арқасында бірден бірнеше Зияткерлік мектеп республиканың үздік олимпиадалық мектептерінің қатарына енді: бірінші орын – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS; екінші орын – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS; үшінші орын – Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS және Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS пен Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS.
Загрузка...