Алматы – НЗМ: “Үздік олимпиадалық мектеп – 2021” танылды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2021» аталымы бойынша бірінші орын алды. Жоғары көрсеткіштердің арқасында бірден бірнеше Зияткерлік мектеп республиканың үздік олимпиадалық мектептерінің қатарына енді. Оның ішінде Алматы ФМБ NIS I орын, Павлодар ХМБ NIS II орын, III орынды Ақтөбе ФМБ, Қарағанды ХМБ және Шымкент ХМБ NIS иеленді, – деп хабарлайды оңтүстік астанадағы зияткерлік мектептің баспасөз қызметі.

2021 жылғы республикалық олимпиада сәуір айының 25-30 күндері аралығында ұйымдастырылды. Алматы қалалық ФМБ NIS оқушылары алты алтын, 6 күміс және сегіз қола медальді жеңіп алды. Алтын медаль иегерлері: Камилла Ильясова қазақ тілінен, физикадан Ерсұлтан Пітебай, математикадан Нұрасыл Әбдіразақ, информатика пәнінен Мухамадариф Сахмодин, химиядан Азамат Жақсылықов және биологиядан Ерасыл Мухамедияр
Күміс жүлдеге ие болғандар: математикадан Таир Сатубалдин, Альдинаш Сейтенов пен Асылбек Олжабаев, информатикадан Ернар Садыбеков пен Амир Нуриев, физикадан Артур Николаенко. Қола медаль жеңімпаздары: Аяулым Мұқан – ағылшын тілі, Еликай Атабаева – орыс тілі, Искандер Сагинбек – неміс тілі, Медет Джумадильдаев – информатика, Арсен Нәрік, Тамирлан Бектемисов – математика, Дамир Аленов, Сырымхан Нуриддин – физика.
Айта кету керек, республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін ең ауқымды шара. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндерді қамтиды. Биылғы оқу жылында республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне бір миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде 91 179 оқушы аудандық кезеңге өтті, облыстық кезеңде 12 521 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557 қатысушы бақтарын сынаған болатын.
Загрузка...