“Жас ғалым.kst” жобасы: Ғылым мен кәсіпкерліктің ұштасуы

Ғылым мен инновация негізгі әлемдік басымдықтардың бірі болып табылады. Ғылымсыз және жаңа инновациялық технологияларды енгізусіз экономикада да, кез келген басқа салада да табысқа жету мүмкін емес, сондықтан дарынды ғалымдарды қолдау өте маңызды. Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар- еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы екенін атап айтқан еді, – дейді Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Үкімет мемлекет тәуелсіздігінің барлық жылдарында ғылымның дамуын қолдап келеді, бастамашыл және талантты жас жаңашылдарды қолдауға бағытталған басым ұлттық жобалар іске асырылуда. Дәл осы мектеп, колледж және университет қабырғасында ғылым қазіргі  уақытта абстрактілі идеялар емес, ол нақты әзірлемелер, технологиялар және тіпті дайын өнімдер екенін түсінетін жаңа буын ғалымдары қалыптасып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауына сәйкес, онда ғылымға ерекше көңіл бөлінеді және Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау мақсатында Қостанай облысында «ЖАС ҒАЛЫМ.KST» жобасы іске асырылуда, оның мақсаты жас ғалымдарды қолдау, ең өзекті ғылыми үрдістерді әзірлеу және іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады.

«ЖАС ҒАЛЫМ.KST» қоғамның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру мақсатында қатысушылардың ең жоғары санатын қамтуға мүмкіндік беретін 7 негізгі іс-шараны қамтиды. Индустрия және бизнес тарапынан ғылыми бастамаларға қажеттілік жағдайларын жасау осы жобаның маңызды элементі болып табылады.

Осы мақсатта ғылым мен ғылыми қызметкерлердің кәсіби мерекесі сәуір айының 12-і күні «Инновация және серіктестік арқылы табысқа жету» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Ғылыми және Start-up жобалар конкурстарының жеңімпаздары, «Озат» ақпараттық технологиялар мектебінің директоры Раисов Рамазан Елеусизович, «САРЫАРКААВТОПРОМ» ЖШС GR қызметінің басшысы Тулетаев Ерлан диалог алаңының қатысушылары болды. Қатысушылар өңірлік бизнестің өзекті ғылыми үрдістерімен және қажеттіліктерімен танысты.

Айта кететін болсақ, біздің студенттер уақыт талабына сай және сұраныстағы бастамаларды ұсынады. Мысалға, Қостанай облысының колледждері арасындағы Start-up және бизнес-жобалардың облыстық конкурсының жеңімпазы, Жітіқара политехникалық колледжінің студенті, Базаркин Иван бейнеконференцияларды ұйымдастыру үшін «Baılanys» авторлық сервисін әзірледі. Мұндай жобалар өз тұтынушысын тауып, іске асырылатыны сөзсіз.

«Инновация мен серіктестік арқылы табысқа жету» диалогтық алаңы ғылымда алғашқы өз қадамдарын жасап жатқан жас ғалымдардың және ғылыми бастамаларға мұқтаж кәсіпкерліктің симбиозын одан әрі орнатудың бастапқы нүктесі болады деп үміттенеміз. Ғылым мен бизнестің ұштасуы ғана нәтиже бере алады, онда идея сұранысқа ие технологияға немесе өнімге айналады. Мұны ғылым жолында өз жолдарын бастаған жас таланттар түсінуі тиіс. 

Жыл сайын аймақтағы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми-практикалық ізденістердің келешек бағыттарын ашатын студенттердің үздік ғылыми идеяларын ұсынуға мүмкіндік беретін «Желтоқсан оқулары» және «Жас ғалым» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференцияларын ұйымдастырады. Айта кететін болсақ, жастардың ғылыми-техникалық және инновациялық қызметке деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді.

Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің үздік жобалары биылғы наурыз айының соңында жергілікті колледж білім алушылары арасындағы облыстық старт-ап және бизнес-жобалар конкурсында ұсынылды. «Экотренд: биоыдырайтын ыдыс», «Мехатрондық модульдерден сандық бағдарламамен басқарылатын станокты әзірлеу және құрастыру» және басқа да жобалар студенттерге идеяларды іс жүзінде іске асыруға және кәсіпкерлік белсенділіктің баға жетпес тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкер үшін қажетті саналы шешімдер қабылдау, тәуекелдерді бағалау, жауапкершілікті және басқа да негізгі құзыреттерді өзіне қабылдау білігін қалыптастыру болашақ мамандар үшін маңызды нәтиже болады. Қазақстан экономика дамуының индустриялық-инновациялық кезеңіне қадам басты, ол ғылым саласының заманауи экономикалық жағдайларға бейімделуімен сипатталады. Әлеуметтік-ғылыми бастамалар көрмесі жас дарындардың инновациялық ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және қолдау мүмкіндіктерін ашады.

Алдағы қазан айында «KOSTANAYPROJECT» әлеуметтік-ғылыми бастамалардың облыстық фестивалін ұйымдастыру жоспарлануда, оның нәтижесі жас ғалымдардың шығармашылық, жобалық, зерттеу жұмыстарын көрсету үшін ашық ақпараттық кеңістік құру болады. Айта кетейік, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің фестивальге қатысуға мүмкіндіктері бар және қатысуға өтінім бере алады. Оқытудың жаңашыл құралдары мен әдістерін қолдану және игеру, оларды әзірлеу үшін заманауи мектептің зертханалық және демонстрациялық жабдықтарын енгізуді талап етеді.

Әрбір идея егжей-тегжейлі және мұқият тексеруді, жақсы базаны қажет етеді және бұл тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-шығармашылық зертханаларда арнайы жабдықта эксперименттер жүргізгеннен кейін ғана мүмкін болады. Осы мақсатта білім беру ұйымында көптеген жылдар бойы республикалық және беделді халықаралық ғылыми және зияткерлік жарыстардың жеңімпаздарын   шығаратын  облыстық білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ химия, физика кабинеттерін жабдықтау, сұранысқа ие және өзекті бағыттар: «Робототехника», «MakerSpace» ғылыми-шығармашылық зертханаларын ашу жоспарланып және олардың ашылуы басталып та кетті.

Лицей жоспарланған зертханалардың бірін ашты, ол – STEM-зертханасы, бұл оның оқушылары мен педагогтарының жаңа ғылыми-зерттеу және шығармашылық идеяларын дайындауға және іске асыруға көмектеседі. Зерттеу құзыреттіліктерін, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамыту, білім алушылар мен педагогтердің АКТ құзыреттіліктерін жетілдіру дарынды оқушылармен жұмыс істеудің негізгі бағыттары болып табылатынын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта әлемде жетекші орын алатын елдерде жастар әзірлеген IT  жобалар мен технологияларды қарқынды енгізу байқалуда.

IT бағыттағы ғылыми білімнің қарқынды дамуы зерттеу қызметінде жаңа тәсілдерді талап етеді. Осы міндетті іске асыру үшін біздің облысымыз үшін бірегей жоба «Озат» жазғы академиясы» іске асырылатын болады. «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында практика және қолданбалы зерттеулер арқылы оқушыларды қарқынды оқыту оқушыларға жаңа білім алуға және өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. «Озат» мектебі – аймақтағы білім беру қызметі IT-білім саласындағы білім деңгейін арттыруға бағытталған жалғыз білім беру ұйымы.

Жазғы академияға тек біздің облыстан ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де, қала және ауыл мектептерінен ынталы оқушылар қатыса алады. Бұдан басқа Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен ынтымақтастық жолға қойылды: Қорған облысымен өзара әрекеттесу туралы меморандум жасалды. Жалпы «ЖАС ҒАЛЫМ.KST» ғылымдағы басым бағыттар банкін жүйелі түрде толықтыруға, жастарды қоғамның әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін ғылыми-техникалық және инновациялық қызметке тартуға, кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Өнертапқыштық идеялары қай жерде пайда болғанына қарамастан, мектеп немесе инженерлік зертхана болсын, инновация — бұл идеядан басталатын және елдің экономикалық дамуын ынталандыратын үрдістерге әкелетін процесс.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий