Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті үздіктер сапында
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізетін жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінің 2021 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік жоғарғы оқу орны анықталды, – деп хабарлайды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің баспасөз қызметі.
Аталған рейтингке қатысқан мемлекетіміздің 85 жоғары оқу орындарының ішінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жетінші орынға ие болып, Қазақсатн Республикасы Бас рейтингі Топ-20 құрамына енді. Университет ұжымына жоғары білікті мамандар даярлау ісінде шығармашылық табыстар тілейміз!
Загрузка...