Әдістемелік қолдаудың нәтижесі

Бүгінгі таңда Астрахан ауданында төрт жетекші мектеп бар: №1 Астрахан орта мектебі, №4 Жалтыр орта мектебі, Новочеркасс орта мектебі, Староколутон орта мектебі. Жетекші мектептердің міндеті – кәсіби даму жолында өз әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсету болса, біздің ауданда да бұл жұмыс абыройлы жүргізілуде. Жалпы жоғары деңгейге жетудің басты шарттары – терең ойлау, үздіксіз іздену, әр жаңа ақпаратты талдай білу.

Алайда адам баласы барлық дүниені өздігінен меңгере алмайды, қоршаған ортасы арқылы тәжірибе жинақтайды. Міне, осы мақсатта аудан мектептерінде зерттеу жүргізу және жаңа тәсілдерді енгізу үшін арнайы фокус-топтар құрылған болатын. Аталмыш топтың ұйымдастырумен жоспарлы семинарларда әр мектеп өз ерекшелігін байқатты. Бір мектеп ата-аналармен ынтымақтастыққа, екіншісі зерттеу қызметіне, үшіншісі дарынды балалармен жұмыс істеу бағытына баса назар аударды. Мұғалім тәжірибесіне оқу мен оқытудың заманауи тәсілдерін, ғылыми-зерттеу қызметін енгізуді көздеген басқосудың берер тәлімі мол болды.

«Тәжірибедегі рефлексия», «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бағдарламалары бойынша білім алған мектеп тренерлері педагогтерді каскадты оқыту механизмі арқылы мектепішілік біліктіліктерін арттыру шараларына шақырып, жоспарларын сәтті жүзеге асыруда. Мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің дамуына ықпал етіп, білім сапасын арттыруда Lesson Study педагогикалық тәсілінің берері мол. Бұл әдісті Староколутон орта мектебінің ұжымы сабақ беру тәжірибесін жақсарту үшін өте тиімді екенін жеткізді.

Сондай-ақ сыныптағы ынтымақтастық ортаны, қарым-қатынас әрекетін бақылау мақсатында зерттеулер жүргізуде. Әр зерттеу тобы өз жұмыстарының нәтижелерін бағалау үшін педагогикалық кеңестерде қарастырылып, тәжірибеге енгізуде. Мұндай жұмыстардың педагогтер үшін маңыздылығы сабақ беру сапасының дамуына ықпалы зор екенін түсіндіреді. Сонымен қоса өзара сабаққа қатысу үдерісі мұғалім әлеуеті мен оқушының оқуға қызығушылығын арттырудың пәрменді құралы екенін ұғынуымыз қажет.

Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оның талантын ұштау – ұстаз парызы болса, ұл-қыздарымыздың бойына өз заманының озық өнегесін сіңіре білу, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осындай бағытта белсенді іс-әрекеті бар серіктес мектептердің бірі – Новочеркасс мектебі. Себебі аудандық әдістемелік кабинет тарапынан барлық мектептерге олимпиада, байқау, тәжірибе алмасу бойынша мониторинг жүргіземін. Қорытындысы бойынша «Үздік әдістемелік мектеп», «Үздік олимпиадалық резервті мектеп», «Үздік мектеп» атақтарын иемденіп, жоғары орындарды тұрақты ұстап тұрады.

Дәл осындай мониторинг жетекші және серіктес мектептер арасында тығыз әрі нәтижеге бағытталған формада жүріп жатыр. Қандай деңгейдегі мектеп болсын өзін бәсекеге қабілетті екенін сезінуге құқылы және оларға жетекші мектептердің тигізер септігі мол. Қазіргі таңда сапалы жұмыс үшін ауданымыздың жетекші мектептеріне нақты бағыт беріліп, нәтиже күтілуде.

Жетекші мектептер шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерге мүмкіндік беріп, креативті тәсілдеме арқылы оқытудың жаңа нәтижелеріне қол жеткізуге бағдарлайды. Тіпті мектеп, аудан, облыс және ПШО тренерлері арасындағы өзара іс-әрекеттің нақты тетігімен өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Мұғалімдердің кәсіби дамуының мұндай трансформациясы бүгінде білім саласына орасан зор пайдасын тигізіп жатыр.

Құралай Сембекқызы АТИШЕВА,
Астрахан аудандық әдістемелік кабинетінің
меңгерушісі, Ақмола облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий