Сұранысқа сай маман дайындаудың мүмкіндіктері мол

Қазіргі таңда, сұранысқа сай мамандар даярлауда жоғары оқу орындарының көтеретін жүгі ауыр. Заман талабына сай, жаңартылған білім беру бағдарламасын жасақтаумен қатар, оқытушылардың біліктілігін үздіксіз жетілдіріп отыруына да жағдай жасап отыру керек. Білім беру бағдарламаларының негізгі талаптары – жоғары оқу орындарындағы түлектердің сапалы біліміне, іскерлігіне және дағдыларына деген қажеттілікті арттыру, білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің  ұсыныстарын ескере отырып дайындау қажет болып табылады.

Екі жаққа да, яғни бизнеске, әрі жұмыс берушіге де пайдалы, тиімді  болмақ. Машина жасау – бұл тек өнеркәсіп үшін ғана емес, сонымен бірге ел экономикасы үшін де үлкен маңызға ие маңызды салалардың бірі. Сонымен қатар, машина жасау ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін анықтайды, өйткені ол өнеркәсіптің барлық салаларын жабдықпен қамтамасыз етеді. Дамыған елдерде машина жасау ерекше орын алады.

“Машина жасау” мамандығы бойынша оқыту білім алушыларға экономиканың кез келген саласы үшін қажетті жабдықты дайындау бойынша, сондай-ақ күнделікті тұрмыста пайдаланылатын машина өнімдерін дайындау бойынша; бірлі-жарым күрделі қымбат тұратын жабдықты дайындау бойынша, сондай-ақ миллиондаған ауқымдағы тауарларды дайындау бойынша теориялық білім мен күшті практикалық база береді.

Қазіргі өмір сүру жағдайында, өнеркәсіптің даму қарқыны, механизмдер мен өндірістік процестердің жұмысын үздіксіз автоматтандыру және оңтайландыру кезінде машина жасау инженері мамандығы еңбек нарығында үлкен танымалдылыққа ие. Қазіргі уақытта елімізде машина жасау өндірістік қызметтің мынадай негізгі түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру; компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдар өндіру; электр жабдықтарын өндіру; басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру; автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру; басқа көлік құралдарын өндіру; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және монтаждау.

Оқытудың артықшылықтары: “Машина жасау” білім беру бағдарламасының оқу бағдарламасы университетте келесі бағытта жүзеге асырылады: машина жасау өнімдерін өндіру; машина жасау өнімдерін сервистік қызмет көрсету және жөндеу. Студенттердің оқу аудиториясынан тыс жерде машина жасау саласындағы дағдылары мен білімдерін, соның ішінде студенттік ұйымдар мен өнеркәсіптік тағылымдамаларды дамыту үшін көптеген мүмкіндіктері бар.

“Машина жасау” білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында “Машиностроители” студенттік клубы жұмыс істейді. Студенттер түрлі ғылыми және зерттеу байқауларына, халықаралық симпозиумдарға, сондай-ақ жыл сайынғы республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Үлгерім қорытындылары бойынша студенттер “ҚазМұнайГаз” АҚ, “Құрманғазы Петролеум” ЖШС, “Тасболатойл” ЖШС және тағы да басқа компанияларынан білім гранттарын алу мүмкіндігіне ие.

Әр түрлі шетелдік және отандық университеттермен келісімшартқа сәйкес студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алты ай ішінде жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады.

Амина Захаровна БУКАЕВА,
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялық
және инжиниринг университетіндегі машина
жасау кафедрасының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий