Қашықтан оқыту – заман талабы

Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқыту технологиялары арқылы білім беру. Сонымен қашықтан оқыту дегеніміз не? Қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен ұйымдастырылатын оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

ҚО ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар. Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтан оқытуда оқушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр.

Берілген тапсырманы сыныптағыдай жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр. Алайда, қашықтан оқыту – мектеп үшін де тиімді жүйе, ол барлық мұғалімдерге қолайлы. Қашықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет.

Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады. Қашықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» тақырыбындағы (08. 04. 2020 ж) үндеу мақаласында: «Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді. Алғашында барлығымызға яғни ұстазға да, оқушыға да,ата-анаға да қиын болды. Бірақ ұстаздарымыз өз ісінің үлкен шеберлері екендігін дəлелдеді.

Бала оқытудың оңай іс еместігін ата-аналар қауымыда мойындап жатты. Ұстаз мəртебесі қашанда биік тұратындығы дəлелденіп жатты. Ұлт ұстазы, өткен ғасырдағы қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: ”Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса,мектебі сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса”, – ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.

Солай болған соң, ең əдемі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін “мұғалім” депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі өз қадірін жоғалтқан жоқ. Отанымыздағы барша балаға қашықтан білім беріп, тəрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымына қажырлы еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.

Гульнар Абдибекқызы УСЕРОВА,
Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп

гимназияның бастауыш сынып мұғалімі,
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий