Шығармашылық педагогтың көрмесі ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолөнер шебері, Молдаш Каналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешенінің «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Нұрболат Қабиевтың шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысындағы Сырым аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Көрменің ашылу салтанатында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев көрерменді көрменің ашылуымен құттықтап, қолөнер шебері, қосымша білім беру педагогі Нұрболат Қабиевке шығармашылық табыс тіледі. Көрменің өткізудегі басты мақсат аудан халқына қолөнерші мен шәкірттерінің жұмысын таныстыру, дәріптеу, қазақ халқының қолөнер жұмысын насихаттау болғандықтан тұрғындардың тамашалауына қолжетімді болуы үшін көрмені ашық аспан астында ұйымдастырылды.

Нұрболат Ұзақбайұлы шараға келген аудан әкімімен қатар, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін шәкірттерімен жасаған туындыларының тарихын жекелей түсіндіріп, әр жұмысына тоқталды. Көздің жауын алатын, құнды композицияларға балалардың қызығушылығы ерекше болғандығын да айта кету керек. Жұмыстардың ішінде шебердің шәкірттерініңде жұмыстары қойылды.

Көрмеге шебердің қолынан шыққан жұмыстардың бір бөлігі ғана шығарылса, ең үздік деген “Ұлы бабалар үні” композициясын Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайына табысталған. Одан бөлек, автордың бірқатар өнер иелеріне жасаған кәде сыйлары да бар. Аудан әкімі көрмені көрші аудандарға апаруға қолдау көрсетеді білім беру бөліміне тапсырды.
Загрузка...