Ізгі ісіміз ілгері ұмтылдырады

Орта мектептер мен сыныптарда енгізілетін өзгерістерді басқару мен жетекшілік етуді тілге тиек еткенде, мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейту мәселесі бірден ойға оралады. Осы тарапта жетекші мектептер маңызды рөл атқарып келеді. Қызметінің бір бөлігі ретінде жетекші мектеп серіктес мектептермен етене жұмыс істеп, олардың көш соңында қалмай, кәсіби тұрғыдан дамуына ықпалдасады.

Ал кәсіби дамудың өсу моделі – маңызды кері байланысты қамтамасыз ету мен кері байланысты алуды құрылымдау және жеңілдету үдерісі. Сондықтан басты міндетіміз – серіктес мектептерге кері байланыс ұсыну арқылы қолдау көрсету. Осы жұмысты жүзеге асыру кезінде біз білім саласында әртүрлі жаңалықтар мен өзгерістерге ашық болу, осы бағытта белсенді де тиімді шараларды жоспарлау секілді қағидаттарды ұстанамыз.

Айқын мақсатты басшылыққа алып, ынтымақтастықты орната жүріп, нақты бағытталған жұмыстар жасап жүрген жетекші мектептердің бірі – Индер аудандық Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі. Мектебіміз ең алдымен, оқытудағы тәжірибені жетілдіріп, мұғалімдер арасында бірлескен фокустық топтар құрды. Сонымен қоса сыныптың нақты мәселелерін шешетін оқу жоспарын мақұлдап, сабақты зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды.

Мектеп ұжымындағы көшбасшы мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісіне оң ықпал жасап, мектеп ішіндегі жұмыстардың мықты әрі әлсіз тұстары мен қажеттіліктерін білуге сыныптар арқылы анықтауға ұмтылды. Ізденіске толы жұмыстармен бірге серіктес мектептердің жұмыс аясын зерделеу мақсатында оң нәтиже берген сауалнамалар жүргізілді. Осыдан кейін бастамашылық жұмыстардың жемісін алдымен серіктес мектептермен бөлісуге ұжым болып жұмылдық. Атқарылған жұмыстар серіктес мектептерді бірлесе әрекет етуге шақырды.

Желілік қоғамдастықтар құрылып, әріптестер арасында пікірталастар, диалог алаңы, онлайн режимінде вебинарлар, әртүрлі семинарлар, коучингілер, тиімді кері байланыс беру тығыз қарым-қатынастары қалыптасты. Нәтижесінде сабақты зерттеу қадамдары орындалып, әр мұғалім өзіне жүктелген міндеттемені меңгеріп, басқа да әріптестерін зерттеуге шақыра жүріп, тәжірибенің мәнін жетілдіретін тұстарын өздігінен анықтауға тырысты. Жиналған деректерді ортада талдап, іс-әрекеттегі зерттеу кезінде оқушылардың ой көкжиегін кеңейтіп, өз әрекеттеріне сыни бағдар бере білетін жан ретінде тануға мүмкіндік берді.

Осы мақсатта қарастырылған барлық жұмыстардан кейін тиімді рефлексия жасауды үйренді. Серіктес мектептердің проблемалық тақырыптарын анықтауға қолдау жасалуда. Іздену нәтижесінде оң өзгерістерге алып келгендігі айқындалды. Әр қадам нақты жоспарланып, оның мәні жоғары деңгейге жетеледі. Жетістіктерді өзгелерге аңғартуды мақсат еткен жетекші мектеп серіктес мектептердің өзіндік теңгерім айлағына қол жеткізді. Осындай тәжірибелі басшылықтың нәтижесінде білім сапасын жақсартумен ерекшеленген серіктес мектептер заман талабына сай және дер кезінде енгізілген жетекші мектеп жобасының жетістігі дер едім.

Жарқын Махашқызы ҚОРҒАНБАЕВА,
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің
тренері, Атырау облысының 
Индербор кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий