Кәсіби құзіреттіліктің қайтарымы

Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасын ықпалдастыра отырып, білім сапасы мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру – бүгінгі таңда негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Сондықтан мұғалімдер оқушылардың өздігінен білім алуына ықпал ете отырып, сапалы оқуға жетелеуі қажет. Жетекші мектеп ретінде біздің басты ұстанымымыз бен бағытымыз осы.

Кәсіби қоғамдастықтар арқылы педагогтердің білімдерін өздігінен жетілдіру мақсатымен біздің мектеп педагогтің үздіксіз білім беру аясында кәсіби дамуын зерттеу, мұғалімнің кәсіби дамуын ұйымдастыру, жоғары мәдениет, сапалы еңбек, үздіксіз білім алу, үнемі шығармашылық ізденіс, яғни заманауи педагогтер қатарын көбейту міндеттерін іске асырып, бірнеше оқыту семинарларын ұйымдастырып келеді.

Білім ордамызда тәжірибе таратудан әріптестікке көше отырып, педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ету, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін жаңа стратегиялық бағыттарды таңдау, тәжірибе алмасу міндеттері іске асырылуда. Мысалы, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының тәжірибесін тарату мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының жетекші мектептерінің аймақтық форумына мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Көлбаева «Қашықтан оқытуда платформалардың тиімділігі» және физика пәнінің мұғалімі Г.Ж. Мәкенбаева «Іс-әрекеттегі зерттеу арқылы білім сапасын жетілдіру» тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ал білім беру жүйесіндегі көшбасшылықтың тұлғалық қасиеттері мен кәсіби қабілеттерін таныта отырып, педагогтерді қолдау, кәсіби корпоративтік курстар мен семинарлар, ата-аналармен ынтымақтастықта бірлескен қызметті жандандыру мақсатында мектеп-лицей директоры К. Дүбірбекова «Қашықтан оқыту жағдайында басқару мен бақылау мүмкіндіктері» тақырыбын қозғады. Ойын түйіндей келе, қарапайым көшбасшылықтан құнды көшбасшылыққа ауысу, яғни «Құндылықтар, қарым-қатынас және адами әлеует қалыптастыру» маңызды құрамдастарына айналдыруға басымдық беру екендігін баса айтты.

Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен өткізілген жетекші мектептердің аймақтық онлайн форумы жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру үдерісінде жетекші мектептер арасынан ең шебер педагогтер ұжымын анықтап, серіктестікте жұмыс жасауға жұмылдырды. Мектебіміздің 2020–2021 оқу жылында магниттік мектептер жұмыс жоспарына сәйкес Сабақты зерттеуді іске асыратын фокус топтары арасында оқушының дамуына қолайлы орта жасай отырып, білім сапасын жақсарту үшін серіктестікте жұмыс істеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табуда.

Жетекші мектептердің жұмысы аясындағы қызмет білім алуға және әртүрлі мектептерде жүріп жатқан үдерістерді біліп отыруға, серіктес мектептердегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сапалы нәтижелерін таратуға мүмкіндік беруде.

Айгүл Тимурқызы СӘДУАҚАСОВА,
Әлихан Бөкейханов атындағы № 15

мектеп-лицейінің үйлестірушісі,
Қарағанды облысының Балқаш қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий