Ақмола облысы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының үздік педагогтары анықталды

Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру мақсатында аймақтағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» сырттай байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шығармашылық сайысқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының 18 педагогы қатысты. Байқауда бақ сынау үшін педагогтер талап етілген төмендегі мтериалдарды ұсынды: «Менің жүрегімдегі мектеп» бейне жазбасы; бейне сабақ; эссе және портфолио. Байқау қорытындысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» атағы және 875 100 теңге ақшалай сыйақы Көкшетау қаласының «Өркен» бөбекжай-бақшасының музыкалық жетекшісі Корябкина Ольга Владимировнаға берілді. 

Он жеті қатысушы облыстық білім басқармасы басшысының грамоталарымен марапатталды. Бес педагогққа аталымдар бойынша грамоталар және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ ақшалай сыйақылар берілді: “Зерттеуші педагог» аталымы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Целиноград ауданы Қосшы ауылының «Алтын дән» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Карлыгаш Адилхановна Шахановаға.

«Шығармашыл педагог» аталымы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Атбасар ауданы, Атбасар қаласының «Родничок» бөбекжай – бақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі Баянкул Нагашибаевна Дауылбаеваға; «Жаңашыл педагог» аталымы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы «Болашақ» бөбекжай – бақшасының орыс тілі пәні мұғалімі Бақытжамал Караевна Ашимоваға; «Көшбасшы педагог» аталымы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 «Балбөбек» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Нацвлишвили Лиана Александровнаға бұйырды.

«Эрудит педагог» аталымы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Жарқайың ауданы, Державинск қаласының «Балдырған» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Сауле Тасбулатовна Сейтахметоваға табысталды. Барлық қатысушыларға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ грамоталарға қоса бағалы сыйлықтар ұсынды. Байқау жеңімпаздары мен аталым иелерін шын жүректен жемісті жетістіктерімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий