БҚО: Республикалық олимпиададағы үшінші орын

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы жеңімпаздарын құттықтаған баршамызға белгілі. Кездесу Нұр – Сұлтан қаласында басталып өзге облыстар ZOOM платформасы арқылы қосылған болатын. Біздің аймақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева құттықтап, марапаттады, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне өңірімізден 74 оқушы қатысты. Нәтижесінде жиырма тоғызы жүлдегер орын алып, оның ішінде 5 алтын, сегіз күміс, 16 қола иеленді. Олимпиаданың республикалық кезеңінде үздік білім көрсетіп оқушылары жүлделі орындарға ие болған  облысымыздың  алты мектебі республика бойынша жүз үздік білім ордасы қатарына енді.   

Олар: дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Орал қаласы Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-лицейі, Орал қаласы №35 мектеп-лицейі Орал қаласы №28 мектеп-лицейі. Жалпы қорытынды есеп бойынша біздің аймақ командалық есепте үшінші орын иеленді.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий