Батыс Қазақстан облысы: Олимпиада жұлдызы атанған дарынды оқушылар

Дарынды балаларды тану, анықтау мен дамыту, олардың қабілеттерінің мүмкіндігін анықтап білуге шынайы жағдай жасау, потенциалдық және әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз ету ұзақ мерзімді, үлкен жұмысты қажет ететіні белгілі. Қазіргі таңда еліміз ғылым, білім беру кеңістігіне сеніммен кіруде. Облысымыздың білім саласында орын алып жатқан өзгерістерінің инноваицялық-сипаты білім мазмұнын жаңартуды басты құралына айналуда.

Джумагазиева Альбина, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей

Соның айғағы ретінде облыстың білім сапасы көптеген жетістікке қол жеткізуде. 2019-2021 оқу жылдарында дарынды оқушыларымыз халықаралық,  республикалық олимпиадалар мен  ғылыми жарыстарда жеткен жетістіктерімен республика бойынша ондықтар қатарында келеді. 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада төрт кезенен (мектепішілік-11 383 оқушы,   аудандық (қалалық) 3 147 оқушы, облыстық 504 оқушы, республикалық 71 оқушы) өтті. Облыстан  14 пән бойынша 71 оқушы республикалық кезеңге қатысып өз бақтарын сынаған болатын.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І орын – 34, ІІ орын – 59, ІІІ орын – 84, диплом – 78. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталды. Командалық рейтинг бойынша І орын – Орал қаласының құрама командасы, ІІ орын – дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты, ІІІ орын – дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты кубок және дипломмен марапатталды.

Мақсотов Жамбыл, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты

Аудандар арасында жоғарғы көрсеткіш көрсеткені үшін Теректі ауданы дипломмен мараппаталды. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша ең жоғарғы балл жинап, білімдерін көрсеткен 11 сынып оқушыларынан  15 оқушы Алматы қаласындағы Қазақ-Британ техникалық университетінің грант иегері атанды. Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңіне жолдама алған   71 оқушымыздың: 29 –і жүлдегер  атанып,  5-Алтын медаль , 8-күміс медаль,  16-қола медаль  иеленді. Алтын медаль иегерлері: Ерболова Ақгүлім дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті); Умбеталиев Али – облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 10-сынып оқушысы (құқық негіздері).

Джумагазиева Альбина  – Орал қаласы  Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы (қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті); Максотов Жамбыл – дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” мектеп лицей интернатының 10-сынып оқушысы (информатика); Марсельев Нурсултан- Орал қаласы №28 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы (география). Күміс медаль иегерлері: Жұмағалиев Сағындық – облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 11-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы).

 

Ерболова Ақгүлім, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Бозова Зарина – Орал қаласы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы (өзін-өзі тану); Сандибек Дана – облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 11-сынып оқушысы (өзін-өзі тану); Беккалиева Гульшат – дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы (ағылшын тілі); Темирхан Мақпал – дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті).

Есекеш Айназ – Орал қаласы  Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті); Голубев Егор – Орал қаласы  №35 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы (физика); Шинбай Алмаз – дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” мектеп лицей интернатының 10-сынып оқушысы (информатика). Қола медаль иегерлері: Серикова Аружан – Жәнібек ауданы Ғ. Абдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы); Дусмухамбетова Алина – Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті).

Марсельев Нұрсұлтан, Орал қаласы, №28 физика-математика бағытындағы мектеп-лиуей

Донскова Екатерина дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебінің 11-сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті); Вастикова Дана – Орал қаласы №32 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы (орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті); Чекаева Тамила – Орал қаласы №35 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы (орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті); Кужахметова Мадина – Орал қаласы М. Ықсанов атындағы  №36 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы (қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті).

Танканова Данара – Орал қаласы  Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының  10-сынып оқушысы (қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті); Сарамбетова Лия – Бөрлі  ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы (қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті); Васюра Руслан  – Орал қаласы  №35 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы (физика); Уксукбаев  Тимур – дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы (физика); Хабдрашит Ершат – дарынды балаларға арналған мамандандырылған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” мектеп лицей интернатының 11-сынып оқушысы (информатика).

Умбеталиев Али, дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

Мұхсит Әділхан – облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 11-сынып оқушысы (география); Тасмуханов Руслан  – дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы (химия); Мәулет Әділет – дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (биология); Климова Найля – дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы (биология); Мацура Мария – Орал қаласы  №35 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы (биология).

Олипиаданың республикалық кезеңінде үздік білім көрсетіп оқушылары жүлделі орындарға ие болған  облысымыздың  6 мектебі республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарына енді.  Олар: Дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Орал қаласы  Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-лицейі, Орал қаласы №35 мектеп-лицейі Орал қаласы №28 мектеп-лицейі.

Оқушыларымыздың жетістікке жету жолында  олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізген, өзіндік білім-тәжірибелерімен бөліскен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қазақ филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Ж. Мүтиевке, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің орыс филология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Т. Утегеноваға алғысымыз шексіз.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінің деканы, орыс филологиясы  кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты А.С. Муханбеткалиевке, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, заң магистрі Ж.А. Базаргалиеваға, Қазақстан инновациялық және технологиялық универститінің инженерлік-технологиялық факультетінің, жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Р.К. Кусаиновқа ризашылық білдіреміз.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық -техникалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі басқармасының жетекші маманы, Ph.D философия докторы И.М. Бапиевқа, Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  физика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор У.М. Бекешовқа және мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындауда уақытпен санаспай тынымсыз еңбек етіп жүрген облыстық білім ұйымдарының және қала мектептерінің ұстаздар қауымына шығармашылық табыстар тілейміз. Биылғы оқу жылында қол жеткізген жетістіктер алдағы уақытта еселене түсеріне зор сеніміміз бар.                                      

Алия Андировна ТОҒУЗБАЕВА,
“Дарын” қосымша білім орталығы
директорының орынбасары, Батыс
Қазақстан облысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий