Педагогикалық қауымдастықты ақпараттық және әдістемелік қолдау

Педагогтерді ақпараттық сүйемелдеу – бұл ұстаздың кәсіби қызметі барысында оның дамуына және өзін-өзі анықтауға ықпал етуге, туындаған қиындықтарын шешуде жан-жақты қолдау жасауға бағытталған өзара байланысты да мақсатты іс-шаралар кешені.

Ақпараттық-әдістемелік қолдау мұғалімдердің кәсіби дамуының маңызды бөлігі екенін ескеретін болсақ,  ол білім беру процесін, оның ішінде қашықтан оқытудың, қалыпты өтуін қолдауға ықпалы зор. Қашықтан оқыту жағдайында білім беру қызметкерлерінің тез бейімделе отырып, ІТ-дағдыларын жетілдірудегі кәсіби икемделуімен қатар қазіргі таңда оқушылардың біліміндегі кемшін тұстарын анықтау және жою сияқты мәселелелер өзектендірілді.

Мұғалім үшін оқушылардың білім, білік және дағдыларындағы олқылықтардың орнын толтыру тәсілдерін оқу процесіне тиімді енгізу талабы туындады. Осыған сәйкес, әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу үшін орта білімнің негізгі пәндердің күрделі тақырыптарын талдау бойынша бейнесабақтар әзірленді, әлеуметтік желілер парақшамызда тікелей эфирде үздік тренерлермен онлайн-кездесулер ұйымдастырылып, пән мұғалімдеріне арналған оқушылардың білімін толықтыру әрі жұмысты үйлесітіру бойынша әдістемелік ұсынымдар жарияланды.

Біліктілікті арттыру жүйесінде тұрақты, үздіксіз білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін мультимедиа құралдарынан басқа түрлі платформалар, қашықтан оқыту жүйелері белсенді қолданысқа ие. Білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастырудың бірыңғай әдісін енгізу үшін «Өрлеу» басқармасының бастамасымен білім беру арнасы құрылып, жалпы орта білімнің негізгі пәндері бойынша сандық сабақтар қоры толық жасақталған. Қазіргі таңда бұл арна бастауыш, негізгі және орта білім беру пәндері бойынша жарияланған бейнематериалдар арқылы мұғалімдер арасында танымал.

Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі жеке парақшамыздағы «Тренермен онлайн-кездесу»,  «Педагогика әлемінде» «ІТ-фишкалар» «Бүгінгі күнде өзекті», «Өз кәсібінің үздігі» сынды рубрикалардың мазмұны толықтырылып отырады. Онда педагогтерге қашықтан оқытуды ұйымдастыруға көмек ретінде дайындалған бейнематериалдар, әдістемелік ұсыныстар берілген және мұғалімдерге онлайн сабақтарды дайындау, өзіндік жұмыстарды әзірлеу үшін интерактивті құралдармен танысудың мүмкіндігі мол түрлі білім беру және цифрлық платформаларға сілтемелер жасалған.

Қашықтан оқытуды дамытуда білім беру процесінің әдістері мен құралдарын жетілдіріп, бұл үдерістің қарқынды түрде ілгері дамытуға ықпал етіп жүрген әріптестердің еңбектері еселенсін.

Гүлжан Қасымбекқызы АЙБЕРОВА,
“Өрлеу “БАҰО” АҚФ Түркістан облысы және
Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ, “Бастауыш
оқыту әдістемесі және курстан кейінгі қолдау”
зертханасының меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий