Білім сапасы: Инновациялық технологиялардың пайдасы

Заманауи инновациялық технологияларды пайдалану – білім сапасын арттырудың негізгі шарты. Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Бұл дәуір – білекке емес – білімге, күшке емес – епке тоқтаған заман. Негізгі ой – бұрыннан бар таптауырын күйден шығып, кең көлемде және жаңаша ойлау. Себебі бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі – білім беруді түбегейлі өзгерту.

Аталған жүйе барысында мектеп мұғалімдері өз біліктілік деңгейлеріне сәйкес жаңартылған мазмұндағы білім беру курстарынан өтті. Бағдарлама аясында білімді жетілдірумен қатар, қазіргі кезде мектептерде оқу үрдісінде қолданылып жүрген 50 – ден астам педагогикалық технологиялардың тиімдісін сараптап алып, әдістемелік қойманы толтыру, технологияны түрлі пішінде қолдану жолдарын меңгеріп, іс тәжірибесіне зерттеу жасай алатын деңгейге қол жеткізу. Бұл мақсат барысында мектеп мұғалімдерінің іздіністі жетістігінің маңызы зор.

Алыс ауылда орналасқан мектеп болғанына қарамастан, оқушыларымыз түрлі байқаулардан жүлдемен оралып жүр. Ұстаздың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігі білім алушының жемісті жетістігіне де әсер етіп, мектеп бойынша білім сапасының жоғарылауына септігін тигізуде. Қазіргі білім кеңістігіндегі сәт сайын құбылып тұрған өзгерістің басында әрқашан білімнің бәсі биік тұратыны белгілі. Зымыран уақыт өзгерістер мен инновацияға толы. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның сескен пайызын сақтаса, өздері істегеннің 90% естерінде қалатынын зерттеу дәлелдеп отыр.

Сондықтан білім алушының қажеттілігі мен икемділік, дағдысын толық зерттеп алмай тұрып, білім мазмұнын меңгерту мүмкін емес. Әр бала бұл бір үлкен құпия, ерекше әлем. Ал кәсіби толысқан ұстаз үшін, мұның бәрін анықтау, қажетті деңгейде бала бойында дағды қалыптастыру еш қиындық туғызбасы анық. Жүсіпбек ақын Аймауытовша айтсақ, «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнерге» айналуы тиіс. Осы тұста, мемлекет «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» мақұлдады.

Бұл құжатта ағымдағы жағдайға сараптама жасалынып, негізгі басым бағыттарды айқындап берді. Басты мақсат – білім алушыларды болашаққа дайындау, білім беру ұйымдарын жақсарту, бағалау мен басқару – білім берудегі мемлекеттік саясаттың басты назары болып отыр. Саналы ұрпақтың өсуі, оның жаңа өмірге қаншалықты бейім екендігі ұлттың келешегін бағамдайды десек, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспарды оқытудың әдістемесі мен мазмұнын жаңғыртудағы басымдығы да осында.

Нурсауле МУРАТ,
Ескенежал негізгі орта мектебінің
директоры, Ақмола облысы, Зеренді ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий