Адалдық әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Жастарымыз да сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы – өскелең ұрпақтың қолында.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында біздің білім ордасында «Адал ұрпақ»  клубы бар. Биылғы оқу жылында осы қоғамдық ұйым құрамына 565 ерікті мүшесін қабылдаудың салтанатты жиыны  онлайн форматта ұйымдастырылды. Шараға Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының басшысы, Қазақстан халықтарының Ассамблеясының мүшесі  Адам Бойсаев және ұстаздар ұжымының жетекшісі Жеңіскүл Сатаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жемқорлықтың жолын кесіп, байтақ қазақ елінің ілгері дамуына үлес қосуға ниетті шәкірттер жұртшылықтың алдында ант берді. Даңқты қолбасшы, халық қаhарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай  «Ар намысты арқалаған – рухты Бауыржан» тақырыбында оқушыларға адалдық, парасаттылық туралы ұғымдарды қалыптастыру, батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау мақсатында 5-8 сынып оқушыларының қатысуындағы адалдық сағатын 8″А” сынып жетекшісі Тоғжанов Тұмарай ұйымдастырды.

Мектеп директоры Бауыржан Момышұлы туралы жазған авторлық бағдарламасымен таныстырып, тың мәліметтерді жеткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әр тоқсан сайын өскелең ұрпаққа парасатты қоғам идеологиясын түсіндіру мақсатында Қазақстан спортшысы, ережесіз жекпе-жек әлем чемпионы Ардақ Назаровтың ақын, жазушы Сәкен Сейфулиннің адалдық, әділдік, парасаттылық туралы айтылған нақыл сөздері мен ғибратты әңгімелері жазылған бейнероликтер 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттарында арнайы кестеге сәйкес көрсетілді.

Мектебімізде адалдықты ту еткен белсенді оқушылардан құралған «Әділет» дебат клубы жұмыс жасайды. Басты мақсаты: жастардың бойында патриоттық, азаматтық тәрбиені, адалдық рухпен әлеуметтік сезімдерді сонымен қатар отан алдындағы жауапкершілікпен оқушылардың белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру. Тәуелсіздіктің 30 жылдығынай орай тоғызыншы сынып оқушыларының арасында «Адалдық» тақырыбында кейінгі жас ұрпақты парасатылыққа тәрбиелеу және ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын дамыту мақсатында мектепішілік пікір-сайыс ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетті қалыптастыру, қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарын алдын алу» тақырыбында педагогикалық кеңесте баяндама оқылды.

Ботакөз Молдахметовна ШЫНЫБАЕВА,
№181 жалпы білім беретін мектеп
директорының тәрбие-ісі жөніндегі
орынбасары, Алматы қаласы Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий