Бақ шаба ма? Бап шаба ма?: Арута Срымованың жетістік сыры

Мен жыл сайын НЗМ түлектерін шетелдік университеттерге қабылдау туралы әңгімелерді тыңдай отырып, шабыттанатын едім және өзімді қабылдау үдерісіне дайындай бастадым. Мен әуелден шетелдік университетке түсуді мақсат еттім және қызықтыратын негізгі мамандықтарды таңдадым. Шынымды айтсам, Жапония мен оқығым келетін елдер тізімінде болған жоқ. Алайда, мектептегі мамандық жөніндегі кеңесші маған мамандығым бойынша Жапонияға түсу мүмкіндігі туралы хабарлаған кезде, оны жіберіп алмай, Токио халықаралық университетіне оқуға түсуге әрекет жасадым.

Қабылдау кезінде менің мектебім мен «НЗМ» ААО үлкен рөл атқарғанын айта кеткен жөн. Халықаралық аккредиттеу алудың және ААО мен шетелдік университеттердің арасындағы келісімдердің арқасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері басқа елдердің студенттерімен бәсекеге түсіп, әлемнің үздік университеттерінде оқып, түрлі гранттар мен стипендияларға өтініш бере алады. Мен 100% оқу грантын алған Токио халықаралық университеті – біздің мектептермен ынтымақтастық жасайтын осындай оқу орындарының бірі. Биылғы жылы НЗМ студенттері оқу ақысын 30-70% жеңілдікпен алуға мүмкіндік алды, ал 100% грантқа екі студент ие болды.

Грантқа ие болған екі студенттің бірі болуыма не себеп болды? Өкінішке орай, мен бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын, өйткені студенттерді таңдау критерийлерін университеттің қабылдау комиссиясы өзі анықтайды және жария етпейді. Бірақ мен лайықты үміткерге қалай айналғанымды және осы табысқа жақындатқан нендей жетістіктер екенін нақты айта аламын. Артықшылықтарымның бірі – жоғары «статистикалық» оқу үлгерімі, басқаша айтқанда, GPA – 5,0 / 5,0, IELTS – 8,0 / 9,0 және SAT – 1490/1600. Соңғы екеуі – халықаралық емтихандар, мен оны 11 сыныпта, яғни бітірерден бір жыл бұрын тапсыра бастадым.

Мектеп мені IELTS емтиханына дайындады және оны тегін тапсыруға мүмкіндік берді, сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Халықаралық емтихандарға дайындық – қайсарлықты, төзімділікті талап ететін жұмыс. Сондықтан мен студенттерге оны мүмкіндігінше ертерек бастауға және кейінге қалдырмауға кеңес берер едім. Негізінен, дайындалуға ең оңтайлы кезең – 9.10 сыныптар. Менің ойымша, университетке түсуімді анықтаған басты фактор – бұл мамандығымды дұрыс анықтау. Университеттен не қалайтынымды анықтап, болашаққа деген амбициялар мен жоспарлардың болуы. Осының барлығын сауатты түрде қағаз бетіне түсіру.

Халықаралық Токио университетіне құжаттар тапсыру кезінде мен екі жазбаша жұмыс тапсырдым – мотивациялық хат және «Мен неге грантқа лайықпын?» атты эссесі. Онда мен таңдаған мамандығым бойынша қоршаған ортаға әкелетін пайдам туралы жаздым. Университет бағдарламасында ненің қызықтыратынын жазғаным да артық болмады. Мұндай шығармаларды жазу көп уақытты, күш-жігерді, терең көзқарасты және үміткерден университетті егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. Болашақта университеттің қиын, сонымен қатар, қызықты үрдісіне белсенді араласу үшін ерте жастан білім алу жолында жұмыстануға кеңес беремін. Армандаудан қорықпаңыз, өзіңізді бағалап біліңіз және сізге жасалып жатқан барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий