Қуғын – сүргін құрбандары ел есінде

Қазақстанда саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері мамыр айының 31-і күні аталып өтіледі. Осы қаралы күнге орай жыл сайын біздің аудандағы басқа да білім ордаларындағы сияқты біздің тарихи мектепте де түрлі тарихи кештер, тәрбие сағаттары ұйцымдастырылып келеді. Жас ұрпақты  өз елінің тарихы мен тарихи тұлғаларын құрметтеуге баулу мақсатында  6 «В» сынып оқушылары «Қуғын – сүргін құрбандары ел есінде» тақырыбындағы шараға белсене қатысты.

Кеш барысында оқушыларға қуғын- сүргін құрбандары мен олардың өмірбаяны кеңінен таныстырылып, слайдтар көрсетілді. Тоталитарлық режимде атқарылған әділетсіз істер мен репрессия, республикамыздың аумағында құпия салынған тұтқындар лагері құнды деректер келтірілді. КСРО құрамындағы ұлттық республикаларда репрессия 1928 жылдан басталып, қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалғаны, оларға «ұлтшыл» деген айып тағылғаны, салдарынан Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, С.Асфендияров, А.Байтұрсынов, Б.Майлин, М.Жұмабаев, А.Розыбақиев, Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, І.Жансүгіров және тағы басқа зиялылардың ату жазасына кесілгені, елге сіңірген еңбектері туралы айтылды.

Ресми деректерге сәйкес, еліміз бойынша 103 мыңнан астам адам қуғын сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болған екен. 1937-1938 жылдары репрессияға ұшырағандарға халық жауы, отанына опасыздық жасағандар, шпиондар, сатқын, буржуазияшыл – ұлтшыл деген  айып түрлері  тағылып, оларға  жаппай өлім жазасына кесу, түрмеге қамау жүзеге асырылғанын білеміз.

Күдікке ілінгендерді тұтас жер аудару, қылмыстық істерді қолдану, адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау секілді жазаның ауыр түрлері тағайындалғаны, көпшілігі жаланың құрбаны болғаны,  жақындарының да зардап шеккені жайлы, олар үшін қазақ жерінде АЛЖИР, Карлаг, Степлаг арнайы лагерьлері құрылғаны, АЛЖИР лагерьіндегі ауыр еңбек пен әйелдерге көрсеткен халықтың жасырын көмегі туралы  кеңірек мағлұмат берілді. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы арнайы заң қабылданды.

Құқықтық құжатты қабылдаудағы басты мақсат отаршылдық салдарын жою, саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру, тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру болғандығы түсіндірілді. Оқушылар кешке аса белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Өздері дайындап келген мәліметтерін жарыса оқып, қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, тарихи оқиғаларға қызығушылығы басым екендіктерін аңғартты. Саяси қуғын – сүргін құрбандарының есімін әркез құрметпен еске аламыз. Олардын есімдері халық жадында мәңгі сақталады.

Жанар Серікқызы МУКАШЕВА,
44 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих
пәнінің мұғалімі, Жамбыл облысының Меркі ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий