Қашықтан оқыту: Литва елінің тәжірибесі тыңдалды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Каунас қаласы білім беру ордаларының басшыларымен «Каунас қаласы мектептерінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру» атты тақырыбында онлайн-кездесу ұйымдастырды. «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру тек біздің еліміз үшін емес, сонымен қатар бүкіл әлем үшін өзекті болып отыр» – деген «Өрлеу» БАҰО» АҚ Төрағасы Асель Мұхаметжанова Зейнулақызы алғы сөзінде кезекті шараның маңызына тоқталып, тікелей эфир спикерлерін таныстырды.

Тікелей эфир спикерлері ретінде Александр Пушкин атындағы Каунас гимназиясының директоры, Каунас қалалық мектептері қауымдастығының президенті – Эрикас Гришкявичюс, Каунас технологиялық университетінің инженерлік лицейінің директоры, Литва мектеп басшылары қауымдастығының президенті, әлеуметтік ғылымдар докторы – Дайнюс Жвирдаускас, сондай – ақ Каунас Вершву гимназиясының директоры – Жильвинас Дамионайтис шақырылды.

Қазір қоғамда «Сovid ұрпағы» деген ұғым қалыптасты. Бұл карантин жағдайында оқу тәжірибесін алған, сондай-ақ академиялық үлгерімі қашықтықтан оқыту әсеріне ұшыраған оқушылар болып табылады. Бүгінгі таңда барлық елдердің білім беру жүйелері үшін негізгі проблема осындай жағдайға тап болған оқушылардың білімін толықтыру, індеттің салдары мен оның шешу жолдарын ұсыну бағыттарын қолға алғаны белгілі. Осы кездесуде спикерлер күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылап, оқу процесін ұйымдастыру, оқушыларды оқу процесіне тарту бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ білім беру сапасын және жалпы оқушылардың білімін жақсартудың маңыздылығын талқылады.

Эрикас Гришкявичюстің пікірінше, пандемия тек білім беру саласына ғана емес, сонымен қатар көптеген елдердің өзге де салаларының дамуына өзіндік әсерін тигізді. Күтпеген жағдай оқушыларға ғана емес, сонымен қатар олардың ата-атаналары мен ұстаздарға да психологиялық тұрғыдан әсер етіп, оқушыларды қашықтан оқытуға ауыртпалықсыз көшудің нақты шешімдердін ұсынуды қажеттілігін тудырғанын айтты. Оған қоса ол өз сөзінде, мұғалімдерге қолдау көрсетудің және оқушылар мен олардың ата-аналарымен өзара әрекеттесудің барлық кезеңдерін қамтитын, мұғалімдер мен оқушыларды Zoom, Moodle, Teams сияқты платформаларға үйретуден бастап, әлеуметтік желілер арқылы қолдау, кеңес беруге дейінгі коммуникацияның жаңа моделін құруға тура келгендігіне тоқталды.

Дайнюс Жвирдаускас пен Жильвинас Дамионайтис қызметкерлер арасындағы міндеттерді нақты айқындап, мектеп ішіндегі басқару жүйесін ретке келтіру арқылы пандемия кезінде біршама қиындықтарды тиімді шешкендіктерін баяндап берді. Эфир соңында профессор тыңдаушылардан келіп түскен мұғалімдердің қашықтан оқыту жағдайындағы ұстаздадың кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыру мүмкіндіктері, курстардың тиімділігін бағалау жолдары және Pisa-ға көшу сынды  бірқатар сұрақтарын талқылап, жауап берді.

Өзара тәжірбие алмасу, ұстаздардың қазіргі қоғамдағы миссиясын айқындауға бағытталған іс-шараға еліміздің барлық аймақтарынан «Өрлеу» БАҰО филиалдарының оқытушылары, ұстаздар мен курс тыңдаушылары қосылды. Онлайн форматта өткен семинар Orleu Facebook парақшасы мен Orleu Youtube арнасында тікелей көрсетілді.

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық
орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий