Батыс Қазақстан облысы: “Алтын белгі” төсбелгісіне 430, үздік аттестатқа 185 жас түлек үміткер

Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысының негізінде балаларды сауықтыру лагерлері (қала сыртындағы) қызметінің алгоритміне сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының жұмыс процесін ұйымдастыруға рұқсат берілді, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жазғы балалардың сауықтыру лагерьлерінің персоналдарын жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде жүзеге асырылады. Ал, әрбір балада жазғы балалардың сауықтыру лагерьлеріне келген кезде денсаулық жағдайы туралы құжаттармен қоса, 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зертеудің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс.

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 14 мамырдағы №24-30-9-12/1422-И-хатына және Батыс Қазақстан облысы наурыз айынан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша қызыл аймақта орналасуына сәйкес мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысын ұйымдастыруға шектеу қойылды.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайындық аясында барлық мүдделі ұйымдарды шақыра отырып, білім беру бөлімдерінің жауапты мамандары мен қала сыртындағы лагерь директорларына жазғы демалысты ұйымдастыру, балаларды сауықтыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды. Бүгінгі күні облыста қала сыртындағы 20 лагерь бар. Балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметі кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған, мектепішілік бақылау және қолайсыз отбасылардағы оқушылар демалысын ұйымдастыру мәселесі ерекше бақылауда болады. Каникул уақытында республика мен облыстың мәдени және тарихи орталықтарына ата-аналарымен баруға да көңіл бөлінеді. Жазғы маусым басталар алдында оқушылардың демалу жағдайларын жасауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы лагерьлерде оқушылардың шомылуы ерекше бақылауда болады. Жазғы уақытта орта және қосымша білім беру ұйымдары іс-шараларды онлайн форматта жалғастыратын болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №203 бұйрығы негізінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру және оқыту сапасын арттыру мақсатында 2021 жылғы 26 мамырдан бастап 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейтін болады.

Жазғы мектептерге қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші негізінде жүзеге асырылады, жазғы мектепте оқу тегін. Облыс бойынша барлық аудандар мен қала мектептерінде жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарлануда, бұл 53509 (55,5%) оқушыны қамтитын 376 мектеп. Жазғы мектептердің жұмысы кезінде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады, кіреберістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалар, қолды жиі жуу, үй-жайларды ылғалды жинау, желдету, кварцтау жүргізіледі. Бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.

Сабақ түрі: оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, Зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар. Үйге тапсырмалар берілмейді. Бұл ретте оқушылардың білімдеріндегі шығындардың орнын толтыру, пәндер бойынша қиындықтар саласын анықтау және жеке білім беру бағытын алу, командалық оқыту дағдыларын игеру, оқуға деген ынтаны арттыру (коммуникация, креативтілік, сыни ойлау), зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру күтіледі.

Ата-аналар өткен оқу жылының қорытындысы бойынша балалардың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру қызметтерін, баланың дамуын қамтамасыз ету және сүйемелдеу процесіне қатысуды, балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді және жазғы кезеңде бос уақытын ұйымдастыруды алады.

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталады. 9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Олар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 28 мамырда; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы)– 2 маусымда; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау)– 5 маусымда.

11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. Мектеп бітірушілер төрт пән бойынша емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан 1 маусымда; алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан 4 маусымда; Қазақстан тарихынан тестілеу 7 маусымда; өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу– 10 маусымда.

Сонымен қатар, биылғы жылы «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің жазбаша жұмыстары Білім басқармаларының жанынан құрылған Комиссия емтихан жұмыстарын тексереді. Комиссия құрамына жазбаша емтихандар өтетін пәндердің білікті, тәжірибелі мұғалімдері кіреді. Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі ағымдағы жылдың 12 маусымына дейін бекітіледі.

Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды. Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, «Алтын белгіні» тапсыру туралы шешім қабылдайтын. 2020-2021 оқу жылын 111 мыңға жуық оқушы аяқтап жатыр, олардың ішінде 5916-сы 11 сынып түлектері, 8690–ы 9 сынып оқушылары. «Алтын белгі» төсбелгісіне 430 оқушы, Үздік аттестатқа 185 оқушы үміткер. Білім мекемелері қорытынды аттестаттау кезінде білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың қатаң сақталуын бақылауды ұйымдастырады.

Мектеп бітірушілерге аттестау табыстау рәсімі ағымдағы жылдың 14 маусымында “Тәуелсіздік ұландары” тақырыбында өтеді. Салтанатты іс – шара түлектерге аттестаттар тапсыру болып табылады және ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы қарастырылады. Бітірушілерге аттестатты тапсыра отырып, әр сыныпта жеке сынып сағаттары форматында, мектеп аумағында ашық алаңда санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Міндетті түрде бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес арақашықтығын сақтау кешенді қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады. Бүгінгі эфирді пайдалана отырып мектеп мектеп бітірушілерге аттестау табыстау рәсімінде іс-шараларды өткізуде анниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға; мерекелік үстелдер ұйымдастыруға; автомобильдерді прокатқа тарта отырып, қала бойынша көшпелі экскурсиялар өткізуге; мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынатынын ескертеміз.

Сонымен қатар, білім басқармасының бұйрығымен білім мекемелерінде ата-аналардан түрлі іс-шараларға ақша жинауға, сыйлықтар алуға және тағы да басқа шараларды ұйымдастыруға жол берілмейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2021 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаудан өткізу мерзімін бекіту туралы 2021 жылғы 5 мамырдағы №203 бұйрығына сәйкес Соңғы қоңырау іс-шарасы дәстүрлі түрде 25 мамырда (икемді кесте бойынша) өткізіледі.

Сонымен қатар, биыл санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты Соңғы қоңырауды өткізудің 3 форматы ұсынылды: 9, 11 сыныптарға мектептерде (салтанатты жиын) өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша мектеп аумағында ашық алаңда санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Екіншісі – сыныпта (сынып сағаты түрінде). Үшіншісі – онлайн (сынып сағаты түрінде).

Соңғы қоңырауды ұйымдастыру барысында барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес арақашықтығын сақтау кешенді қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді бағытында жұмыстар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынатынын жеткіземіз. Шектеу шаралары ескеріліп, іс-шараның тәрбиелік маңызын іске асыру мақсатында іс-шара ресми мектеп қабырғасында өткізіліп, түрлі ойын-сауық орталықтарында өткізуге, мерекелік дастархандар жасауға рұқсат етілмейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий