Сыр еліндегі білім ұстаханасы

Міне, кезекті оқу жылы аяқталуда. Дүние жүзіне төнген қауіп бізді де жайымызға қалдырмады. Онлайн, зум, бандикам тағы басқа терминдер өмірімізге кіріп, орнығып алғандай. Ақпараттық коммуникативті технологияны меңгеру керек деп жүргенімізде, қалай шебер болып шыққанымызды өзімізде байқамай қалдық. Бірақ осыншама қиындықтарға қарамастан біздің арнаулы оқу орнының білім жүйесі тың жаңалықтармен толықтырылды.

Қазіргі инновациялық экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейі көбінесе кәсіби кадрлардың сапасымен анықталатынын есте ұстаған жөн. Сапалы маман даярлауда білім саласындағы барлық мүмкіндіктердің көзін тани білетін, білімді, білікті басшы әсте қажет. Сократ айтқандай «Білетіндер ғана билік етуге тиіс». Колледж басшысы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрімов Бахытхан Жүнайдұлының басшылығымен ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Басшы жұмысы нәтижеге бағытталған. Өзекті тапсырмалар беріледі, уақытында пысықталып, қорытындыланады.

Ұмтылмайды, жүйеленеді. Бұл ұжым тәрбиесінде оң бағытын беруде. Колледждегі биылғы оқу жылындағы оң өзгерістің бірі – облыста алғашқы болып энергетика мамандықтары бойынша демонстрациялық емтиханның өткізілуі. Ерекшелігі –  студент емтиханды дәстүрлі түрде емес, практикалық бағытта тапсырады. Өндіріске дайын білікті маман ретінде қабылданады. Келесі бір үлкен жаңалық «Жас маман» жобасы арқылы 8 оқу кабинеті мен оқу зертханаларының жаңа үлгідегі оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталып, жұмыс жасауы.

Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту, еңбек нарығының сұранысына және тапсырыс берушілердің кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары, білікті инженер-педагогикалық ұжым қалыптастыру, энергетика мамандықтары бойынша Worldskills Kazakhstan ұлттық чемпионатына бәсекеге қабілетті қатысушыларды дайындау, Worldskills Kazakhstan ұлттық чемпионатына сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру және стандарттарға сай білім беру, халықаралық стандартқа сай білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс жасауға жұмылудамыз.

Жаңа жабдықтарды, технологияларды, еңбектің озық өндірістік тәсілдерін меңгерту және ТжКБ орындарының, осы сала бағытындағы өндіріс мекемелерінің мамандарын тағылымдамадан, біліктілікті арттыру курстарынан өткізуді ұйымдастыру мақсатында құзіреттілік орталығы ашылды. Қазіргі таңда облыс колледждерінің өндірістік оқыту шеберлерін тағылымдамадан өткізуде. Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жағымды жаңалықтардың бірі – ветеринарлық клиниканың ашылуы. Ветеринария мамандығының біліктіліктері бойынша күндізгі, кешкі оқу, қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған.

Колледжіміздегі оқу шаруашылығының жұмыстары жандануда. Ауылшаруашылығы мамандары бизнес жоспар дайындап, шаруашылықта қарбыз, асқабақ өнімдерін өсіруге дайындық үстінде. Агрономия мамандығының студенттері оқу шаруашылығында оқу практикасын өткізуде. Мансап және кәсіби бағдар беру орталығы, ақпараттық талдау орталықтары құрылып, жұмыс жандануда

Әлия Әлиакбарқызы НҰРПЕЙІСОВА,
И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық – техникалық
жоғарғы колледжінің мансап және кәсіби бағдар
орталығының жетекшісі,
Қызылорда қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий