Ақмола облысы: “Үздік мектеп педагогы” анықталды

Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру мақсатында аймақтағы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» сырттай байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шығармашылық сайысқа бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының 21 педагогы қатысты. Байқауға қатысу үшін педагогтер келесі конкурстық материалдарды ұсынды: «Менің жүрегімдегі мектеп» бейнеролик; бейнесабақ; эссе; портфолио. Байқау қорытындысы бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» атағы және 875 100 теңге ақшалай сыйақы Жақсы ауданындағы Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ляззат Байсеркеевна Каскаеваға берілді. 

Жиырма қатысушы облыстық білім басқармасы басшысының грамоталарымен марапатталды. Бес қатысушыға әр түрлі аталымдар бойынша грамоталар және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ ақшалай сыйақылар берілді: «Зерттеуші педагог» аталымы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының ІТ мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айман Жугеровна Абдрахмановаға табысталды.

«Шығармашыл педагог» аталымы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Бұланды аудандық Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Стихиляс Татьяна Владимировнаға; “Жаңашыл педагог» аталымы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Көкшетау қаласындағы әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Марат Жусупович Кульбаевқа ұсынылды.

«Көшбасшы педагог» аталымы және 50 мың теңге ақшалай сыйақымен «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ география пәнінің мұғалімі Даулет Советұлы Есмагамбетов; «Эрудит педагог» аталымы және 50 мың теңге ақшалай сыйақымен Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының мектеп-балабақшасы» КММ математика және физика пәнінің мұғалімі Бичун Максиму Николаевич  марапатталды. Барлық қатысушыларға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Байқаудың жеңімпаздары мен аталым иелерін құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий