Елордалық әкелер кеңесі: Барабаншылар оркестрінің дебюті

Соңғы қоңырау – бұл мектеп қабырғасындағы ең әсерлі және ұмытылмас ерекше, қызықты сәттердің бірі. Барлық білім беру ұйымдарының түлектері үшін маңызды іс-шараны тойлау аясында Елордалық әкелер кеңесінің бастамасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен құрылған барабан оркестрінің дебюті ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының баспасөз қызметі.

“Әкелер тартуы»  құттықтау челленджіне алпыстан астам әкелер белсене атсалысты. «Uptown Funk» ретро-хитінің әуенімен, мектеп бітіруші түлектерінің әкелері музыкалық ырғақты кіші  және бас барабанның аккомпанентінде синхронды түрде әртүрлі композицияны шебер орындап берді. Челлендждің шешуші идеясы – елордалық түлектер үшін үлкен өмірге қадам басулары, биік белестерді бағындырып, өмір атты теңізде нық жүзуге, өз орындарын табуға бағыт беру.

Әкелер – әр баланың өміріндегі арқа сүйер тірегі, әке жақсы болса, бала соған еліктейді, әкенің бойындағы жігерді, батылдықты, білімділікті, барлық қасиеттірін әр бала бойына сіңіреді. Мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды күні елордалық әкелер кеңесі шығармашылық мерекеде құттықтау арнап, ерекше тарту жасады. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий