Ashyq AlmaU-да іске қосылады
24 мамырдан бастап университет аумағында COVID-19 таратпауына қосымша кепілдіктер беру үшін Ashyq жобасы іске қосылады.
2021 жылдың 20 маусымнан қабылдау комиссиясының жұмысына, сондай-ақ Батыс университеттерімен қос дипломды бағдарламаларға деген қызығушылықтың артуына байланысты қонақтардың көп келуі күтілуде. AlmaU талапкерлердің, ата-аналардың және университет қызметкерлерінің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады.
Университеттің кіреберісінде Ashyq қосымшасының көмегімен QR коды бар табақшаны сканерлеп, нәтижесін тексерушіге ұсыну қажет.
Қосымшада сіздің мәртебеңіз көрсетіледі: ол қызыл, сары, көк немесе жасыл болуы мүмкін. Қызыл (COVID-19 позитивті) немесе сары (аурулармен қарым-қатынас жасаған адам) мәртебесі бар келушілерге жол берілмейді.
Бұл жүйе қазірдің өзінде Қазақстанның көптеген нысандарында енгізіліп, 1,5 миллионнан астам қазақстандықтардың жалпы пайдаланушылар санымен оң нәтиже көрсетті.
