Гимназия түлектерін мектеп бітіруімен құттықтады
«Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова бүгін тікелей эфирде, соңғы мектеп қоңырауы мерекесіне арналған сынып сағаты барысында, гимназиясының түлектерін мектепті аяқтауымен құттықтады, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.
Елена Сәкенова «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы сара Алпысқызы Назарбаеваның құттықтау сөзі мен түлектерге арналған өсиеттерін оқып берді. Сара Алпысқызының айтуынша, «адами тұтастықтың ішкі негізі – жалпыадамзаттық құндылықтар. Олар адамда рухани тазалықтың, сүйіспеншіліктің, құрметтің ұшқынын тұтатады және осы ұшқын арқылы жүректе өмірдегі басты басымдықтардың: Руханилықтың, Адамгершіліктің, Патриотизмнің алауы тұтанады».
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы түлектерге өз елінің адамгершілігі жоғары, білімді және бақытты азаматы болуға, өз жанының нұрымен біздің қоғамды өзінің дамуының жоғары мақсаттарына қарай ілгерілетуге тілек білдірді. Елена Сәкенова Сара Алпысқызы өзін-өзі тану, үйлесімді даму және әрқайсымыздың толыққанды өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасағанын атап айтты. «Адам бақыты мен өмірлік сәттіліктің сыры өзімен үйлесімде, табиғатпен үйлесімде, қоғаммен үйлесімде екенін білеміз», – деп, түлектерге ізгі ниетін білдіріп, ол түлектерге шынайы тілегін білдірді.
Сара Алпысқызының өзінің жоғары «Мен»-ін ешқашан өзгертпеу, оны қорғау және жаңа біліммен көбейту, өмір тәжірибесінде жетілдіру, өзін үнемі сүйіспеншіліктің құдіретті нұрымен толтыру өте маңызды деген сөздерін келтірді. «Өзін-өзі тану» гимназиясының түлектері Сара Алпысқызына, «Бөбек» ҰҒПББСО-ның ұжымына, мұғалімдерге жылы лебіздерін жолдап, «Өзін-өзі тану» пәні үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Содан кейін мектеп бітірушілерге арналған соңғы мектеп қоңырауы соғылды.
Загрузка...