ЕҰУ мен “Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы” КеАҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ пен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ арасында екіжақты келісім бекітілді. Өзара ынтымақтастық туралы маңызды құжатқа «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ атынан Басқарма төрағасы Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ тарапынан ректор Ерлан Бәтташұлы Сыдықов қол қойды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз орталығы.

Меморандумның мақсаты – Тараптардың діндер, мәдениеттер мен өркениеттердің өзара байланысы жөнінде диалогтық алаңдар мен талқылау орындарын ашу, ортақ іс-шаралар өткізу саласында ынтымақтастық орнату және дамыту. Сонымен қатар тараптар ортақ қызмет бағыттары мен басымдықтарды ескере отырып, өз міндеттері мен басымдықтарына сәйкес келісім жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруда ынтымақтастық жасайды.

Оның ішінде конфесияаралық және ұлтаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделін дәріптеу мақсатында Университет базасында жыл сайын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру; университет және Орталық басылымдарында талдау, сараптамалық, ғылыми, зерттеу және өзге бағыттағы жарияланым топтамасын шығарып, қамтамасыз ету; ортақ іс-шараларды өткізуде ақпараттық қолдау секілді мәселелер бар.

Сондай-ақ екіжақты кездесу барысында «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев күні кеше ғана аталып өткен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, өз кезегінде ректор Ерлан Бәтташұлы ЕҰУ-дың мерекелік медалін табыс етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий