Семей – НЗМ: Онлайн форматтағы соңғы қоңырау сыңғыры

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді» атты соңғы қоңырау салтанатына негізделген мерекелік лездеме онлайн форматта ұйымдастырылды. Оған мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Шара Әлихан Бөкейхановтың 155, Жамбыл Жабаевтың 175, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойлары шеңберінде  аталды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Салтанатты лездемеде сөз алған мектеп директоры Бағдан Қайыржанов өтпелі оқу жылының жемісті болғанын айта келіп, оқушыларымыздың қашықтықтан білім алуға дағдыланып алғанын жеткізді. – Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 135 шәкіртіміз оқу озаты атанса, мектеп бітіруші 4 түлегіміз Алтын белгіге, 12 түлегіміз үздік аттестатқа үміткер атанып отыр. Сондай-ақ 10 сынып оқушылары арасынан 7 бала үздік аттестатқа үміткер. Қазірдің өзінде мектеп бітіруші 111 түлегіміздің басым көпшілігінде білімдерін жалғастыруға шақыртулар келіп түсті.

Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Қытай, АҚШ,Канада, Чехия, Венгрия, Гонконг сияқты мемлекеттердегі Назарбаев Университеті, Drexel University, University of Toronto, The Hong Kong Polytechnic University, Chineese University of Hong Kong, Hong Kong Baptist University, UBC ,University of Debrecen, Corvinus University of Budapest, Czech Technical University,  Lingnan University, Ресейдің Ұлттық Зерттеу Университетінің  Мәскеудегі «Жоғары экономика мектебі», Санкт-Петербург мемлекеттік электро-техникалық университеті сынды маңдайалды жоғары оқу орындары бар. 22 түлегіміз Назарбаев Университетінің  «Foundation» бағдарламасына шақырту алды. Түлектеріміздің өзінің шәкірті еткісі келетін университеттер шақыртулары әлі де толастамақ емес, – деді Бағдан Тоқтамысұлы өз құттықтауында.

Шара барысында мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен ұстаздарымыздан бөлек, ата-аналарымыз да құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Мектеп бітіруші түлектерін өздерінің жүрекжарды лебіздерін арнап, аяулы ұстаздарына алғыс айтты. Бұдан ары мектеп намысын республикалық, халықаралық олимпиада, ғылыми жобалар сайысы мен өнер байқауы, спорттық жарыстарда қорғап, жүлдегер атанған оқушыларымыз бен олардың ғылыми жетекшілерінің аттары аталып, құрмет көрсетілді. Бұл жолы оқу озаттары мен мектеп өміріне белсене араласқан талантты шәкірттеріміз ұмыт қалған жоқ. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий