Қызылорда облысы: Биыл 6 мектеп салынып, 48 білім ордасы жаңа модификациялық кабинеттермен толықты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында білім сапасын дамытуға қатысты  нақты атқаратын шараларды атап айтқаны мәлім. Жолдауда айтылған маңызды мәселелердің бірі мектепке дейінгі жастағы балалардың  жан-жақты дамуына жағдай жасау  болып табылады. Бүгінгі күні аймақтағы 669 балабақшада (162 мемлекеттік, 428 жеке, 84 шағын орталық) 58 мың бала тәрбиеленуде. 1 мен 6 жастың қамтылуы 85,5 пайызды құраса, 3 пен 6 жастағы балалар 100% балабақшамен қамтылған, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Жекеменшік балабақшалардың үлесі (423) 74% құрайды. 304 мектепте (о.і. 10 жеке мектеп) 169 мыңнан  аса бала  білім алуда. Биылғы оқу жылын  мектеп оқушыларының  30 пайызы қашықтан, 70 пайызы дәстүрлі оқыту форматында аяқтады. Жалпы оқу жылы ішінде, дәстүрлі оқитын оқушылардың санын кезең-кезеңімен көбейтіп келдік. Облыста апатты және үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында жоспарлы жүмыстар іске асырылуда.

Бүгінгі күні облыста үш апатты мектептің   екеуінің  құрылысы жүргізілуде (Жаңақорған ауданы №169 мектеп, Арал ауданы, №71 мектеп). Бір апатты мектепті құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (Арал ауданы, Тоқабай ауылы, №248 мектеп). Қызылорда қаласында үш ауысымды болдырмау бағытында 600 орындық бір жаңа мектеп пен 200 орындық  бір мектепке қосымша құрылыс жыл соңына іске қосылады. Осы мақсатта жеке инвесторлармен   800 орындықты екі жеке мектеп пайдалануға беріледі.

Осымен бірге, Арал, Жаңақорған аудандарында екі жаңа 300 орындық мектеп қыркүйек айында оқушы қабылдайды. Жалпы, 2021 жылы облыс бойынша  2600 орынға арналған алты мектеп пайдалануға берілсе, 1750 орынға арналған  5 мектеп құрылысы басталатын болады (Арал-50 орын, Қазалы-250 орын,  Шиелі -250 орын, Жаңақорған-300 орын, Қызылорда 900 орын). “NUR-OTAN» партиясының сайлауды бағдарламасын іске асырудың Жол картасына сәйкес биылғы жылы 48 мектеп модернизациядан өтуде (жөндеу жұмыстары,  жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен жабдықтау, жиһаздарын жаңарту, кітапхананы жаңғырту).

Бұл бағытта облыстық  бюджеттен 2 млрд. теңге қаржы жоспарланған. Президент Жолдауын орындау  мақсатында 2021 жылы республикалық бюджеттен облыс ұстаздарының жалақысын тағыда да 25 пайызға көтеруге 27,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Облыста инклюзивті білім беруді дамыту мақсатындағы 2020-2022 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруға 4 млрд. теңге жоспарланған. Осы бағытта 2021 жылы 1 млрд. теңге бөлініп, 47 балабақша мен 44 мектепте арнайы  инклюзивтік кабинеттер ашылады.

Мемлекет басшысының  Жолдауындағы   балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру  үшін спорттық секциялар мен үйірмелерді ашу  жөнінде тапсырмасына сәйкес  облыста  жоспарлы жұмыстар іске асырылуда.  Аймақта 550 орындықты үш қосымша білім беру ұйымының құрылыстары жүргізілуде (Қармақшы, Жалағаш, Қызылорда). Оның ішінде, екі ғимарат жаңа оқу жылына іске қосылса, бір ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Облыстағы 30 (17 мемл, 13 жеке) колледжде 20 мың студент білім алуда. «Жас маман» жобасы  бойынша 2021 жылы 5 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтылады.

Бұл бағытта республикалық бюджет есебінен 1,4 млрд. теңге бөлінді. Жоба аясында облыста төрт колледжде құзыреттілік орталықтары ашылды. Елбасы тапсырмасына сәйкес студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жалғасуда. 2021 жылы 475 орындық үш жатақхана іске қосылады. Аймақтың еңбек нарығының сұранысына сәйкес жұмысшы және орта буын мамандарын даярлау үшін жергілікті бюджеттен 3108 орын, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1515 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий