Ақтөбе облысы: “Алтын белгіден” үміткер жас түлек 667
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (06. 05. 2021 ж, №19) қаулысына сәйкес мамыр айының 11-інен бастап аймақтағы барлық жалпы білім беру ұйымдары аралас форматта оқытуға көшірілген болатын. Контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық 251 мектепте (60,3%) сыныптардағы балалар санын 25-тен асырмай дәстүрлі форматта білім берді. Оқушылар контингенті – 24 799 (15,5%) оқушы, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

165 (39,7%) мектеп сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта (пәндердің жетпіс пайызы штаттық, отыз пайызы қашықтан) оқытылды. Бұл санатта білім алған оқушылар саны – 134 894 (84,5%). Бұл шешімнің қабылдануының бірнеше себептері бар. Алғашқысы 6,7,8 сыныптар жыл бойы тек қана қашықтан оқыды. Оқу жылының соңында оқушылардың білімін бекіту, өткен материалдарды қайталау мақсаты қойылды.
Сонымен қатар бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіліп, оқушылардың пәндер бойынша тақырыптарды игеру деңгейі анықталды. Екіншіден, білім олқылықтарын жою, білімнің сапасын арттыру және осы оқу жылында түрлі шектеу шаралары кезінде босаңсыған білімдерді толықтыру бағытында ұйымдастырылатын жазғы мектеп жұмысы таныстырылды. Жазғы мектептің жұмысы ата-аналардың өтініштері негізінде мамыр айының 26-ынан басталып, маусым айының 19-ы күніне дейін жалғасады.
Биылғы оқу жылында мемлекеттік, жеке, күндізгі, кешкі, сонымен бірге Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныптарын 12508, 11-сыныптарын 7483 түлек бітірмек. Үлгілі мінез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес (5-тен 11-сыныпқа дейін) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша жылдық және қорытынды “5” бағалары бар «Алтын белгі» марапатына үміткер 11-сынып оқушыларының саны – 667 (бұл барлық түлектердің 8,9%).
Загрузка...