Ақмолалық оқушылар жаратылыстану математикалық бағыттағы олимпиаданың жүлдегері атанды

Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер (юниор) онлайн қорытынды олимпиадасы ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты − оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуды ынталандыру, жастарды жоғары дәрежедегі олимпиадаларға дайындау, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Биыл пандемия жағдайына байланысты Олимпиада бір мезетте республиканың барлық облыстарда Oqylyk.kz платформасында прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізілді. Оған математика, физика, химия, биология, информатика және география пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары қатысты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші дәрежелі дипломмен – 45 оқушы, екінші дәрежелі дипломмен – 67 оқушы, үшінші дәрежелі дипломмен – 99 оқушы марапатталды. Барлығы 211 жеңімпаз. Бұл білім бәсекесіне осы өңірден 23 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі екінші орынға ие болған оқушылар: Сейтбаттал Темірлан – “Білім – инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы; Лекеров Даурен – «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы; Егинбаева Жанерке – Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы.

Беспай Аслан – Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы; Ким Камила – Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы. Үшінші орынға ие болған оқушылар: Абай Аят – «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы; Нұрмаш Айғаным – Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы.

Прокудина Валерия – Степногорск қаласындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы; Досымбекова Мадина – Көкшетау қаласының техникалық-лицейінің 7-сынып оқушысы; Козловцев Антон – Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы. Грамотаға Амантай Әбілмансұр – “Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы ие болды. Ақмола облысы командалық есепте 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий