Филолог мұғалімдердің көптілділігін қалай қалыптастыруға болады?

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Қажығалиеваның ғылыми жобасы республикалық байқауда үздік деп танылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Жоба тақырыбы – «Білім беруді цифрландыру жағдайында филолог-мұғалімдердің көптілділігін қалыптастыру». Ғылыми жобаны жүзеге асыруға бөлінген грант құны – 5 миллион теңге. Қазіргі жаһандану, тілдердің өзара қарым-қатынасы және өзара әсері дәуірінде көптілділік мәселелері ғалымдардың назарын жиі аударуда.

– Қазақстан Республикасы – жүзден астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырған көпұлтты мемлекет. Демократияландыруға және әлемдік кеңістікке табысты кіруге бағытталған көптілді қазақстандық қоғам, еліміздің этнотілдік ландшафтының қалыптасу тарихы – осының барлығы өзгермелі қоғам жағдайында тілдердің өзара қарым-қатынасы проблематикасын айтарлықтай өзектендіреді, – дейді ғалым. Осы орайда аталған жоба оқу процесін тиімді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін айқындауға септігін тигізбек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий