Өңірлік орталық – дарынды шәкірттердің мәуелі мекені

Дарынды да қабілетті балаларды анықтау, оларды дамыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте маңызды мәселелердің бірі. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасалуы қажет. Қазіргі елімізде болып жатқан індетке байланысты қашықтан  оқыту форматында үздіксіз білім беру үрдісі тиімді ұйымдастырылуда. Оқытудың бұл формасымен бірге дарынды балалармен жүргізіліп жатқан  байқау, олимпиадалардың оң нәтижесі де айқын көрінуде.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткен ауқымды олимпиадалардың бірі  – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жаспөспірімдер олимпиадасы. Ағымдағы оқу жылында облыстық білім басқармасы мен біздің орталық бұл олимпиаданы екі кезеңде қашықтан ұйымдастыра білді. Білім бәйгесінің басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындығы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру болып табылады.

Олимпиада математика, физика, химия, биология, информатика және география пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары бір мезетте республиканың барлық облыстарында Oqylyk.kz. платформасында прокторинг жүйесін қолдану арқылы белсене қатысқан болатын. Олимпиаданың облыстық кезеңіндегі үміткер 186 оқушының жетпіс тоғызы жүлдегер атанды. Республикалық білім бәсекесіне облыстық кезеңнен топ  жарып бірінші орынды иеленген 24 оқушымыз қатысты.

Олимпиада нәтижесінде, 7 -8 клас оқушылары арасынан бірінші орын – 1 оқушы, екінші орын – 3 оқушы, үшінші орын – 8 оқушы иеленіп, бес шәкірт мақтау қағазымен марапатталды. Республикалық кезеңнің қорытынды талдауы бойынша аймақтың командасы үшінші жүлделі орынды иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған дарынды шәкірттеріміздің арналған жеңісі құтты болсын! Бәсекеге қабілетті білімді жастарымыз алдағы уақөытта да биік белестерді бағындырып, дамыған еліміздің көк туын желбірете беруіне тілектеспіз.

Ардақ Сенбайқызы ҚОБЫЛАНДИНА,
Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығының
интеллектуалдық дамыту бөлімінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий