20 мыңға жуық оралдық оқушы жазғы мектеппен қамтылды

Облыс орталығындағы жазғы мектептер жұмысын бастағанына байланысты, салтанатты жағдайдағы ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Қала бойынша 20 мыңға жуық оқушы үш апта бойына негізгі пәндерден білімдерін толықтыратын болады, – деп хабарлайды Орал қаласындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Негізгі мақсат – білім олқылықтарын жою, білімнің сапасын арттыру және осы оқу жылында түрлі шектеу шаралары кезінде түсінбеген тараулары бойынша білімдерін толықтырып, әр негізгі пән бойынша тиісті оқу материалын оқушының білуін қамтамасыз ету. Бұл ретте биылғы оқу жылында үнемі қашықтан оқыту форматында болған 6, 7, 8 және 10-сыныптар оқушыларына басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар аралас форматта оқыған 1-5 сыныптар мен 9-сынып оқушыларына да қалаулары бойынша оқыту жүргізілуде.

Жалпы ата-аналарының өтініші бойынша жиырма мыңға жуық оқушы жазғы мектептің сабақтарына қатысуда. Жазғы мектептердің жұмысы кезінде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады, кіреберістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалар, қолды жиі жуу, үй-жайларды ылғалды жинау, желдету, кварцтау жүргізіледі. Сабақ түрі – оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, Зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар. Үйге тапсырмалар берілмейді.

Бұл ретте оқушылардың білімдеріндегі шығындардың орнын толтыру, пәндер бойынша қиындықтар саласын анықтау және жеке білім беру бағытын алу, командалық оқыту дағдыларын игеру, оқуға деген ынтаны арттыру (коммуникация, креативтілік, сыни ойлау), зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру күтіледі. Ата-аналар өткен оқу жылының қорытындысы бойынша балалардың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру қызметтерін, баланың дамуын қамтамасыз ету және сүйемелдеу процесіне қатысуды, балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді және жазғы кезеңде бос уақытын ұйымдастыра алады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий