Қазақстандық оқушылар физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды

Физика пәні бойынша өткен Азия Олимпиадасында қазақстандық оқушылар бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарысқа әлемнің 22 елінен командалар қатысты, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларының мектептері мен лицейлерінен 8 оқушы білім сайысына түсті. Олардың барлығын тәжірибелі педагогтер дайындады. Енді олар басқа да жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстандық жеткіншектерді алда жаңа халықаралық байқаулар күтіп тұр. Азия олимпиадасына қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында құттықтады. Министр оқушыларға жаңа биіктерді бағындыру жолында сәттілік тіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Рахимжанов Дінмұхаммед; Қалдыбаев Рауан; Драганчук Антон; Шатохин Даниил мен Лим Владимир және Сайлаубай Жалғас.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий