“Өзін-өзі тану” пәнінен ТжКБ ұйымдары білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау
«Өзін-өзі тану» пәнінен ТжКБ ұйымдарында білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тікелей эфирде вебинар ұйымдастырылды. «Бөбек» ҰҒПББСО колледжі директорының орынбасары Серікбаева Гүлбаршын критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды қолданудың теориялық негіздері, оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік (әріптік) жүйесін ұйымдастыру және өткізу, балдарды есептеу қағидалары туралы айтып берді, – деп хабарлайды осы арнаулы оқу орнының баспасөз қызметі.
Оқу үрдісінде әдістемелік ұсыныстарды қолданудың тәжірибелік бөлігін «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Кайдакова Виктория көрсетті. «Адамдар арасында өмір сүру өнері» тақырыбының мысалында ол сабақтың әр кезеңінде критерийлерге сәйкес тапсырманы қалай қою керектігін, білімалушыларға өз жұмысын қалай талдауға және бағалауға болатындығын, оқытушы сабақ барысында білімалушылардың теориялық және тәжірибелік іс-әрекетінің деңгейін қалай бағалайтынын көрсетті.
Загрузка...