Атыраулық жас таланттар халықаралық байқауда топ жарды

“Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы” Атырау музыка колледжінің 4-курс студенті Жанерке Қабдолова мен Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқушысы Нұрдәулет Амирғалиев халықаралық сайыста жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Латвия мемлекетінде CONCORD OF SOUNDS-2021 халықаралық баянист-аккордионистердің байқауы мамыр айының 16-20 күндері аралығында ұйымдастырылды. Оған 32 елдің өнерпаздары қатысып, бағын сынаған. Оның ішінде оқ бойы озып шыққан Жанерке Қабдолова жоғары топта екінші орын иеленсе, Нұрдәулет Амирғалиев бірінші орынмен марапатталды. Осылайша, өнерпаздар бәсі биік додада облыстың ғана емес, елдің де намысын қорғап, лауреат атанды. Екі өнерпаздың да мұғалімі – ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, баян пән бірлестігінің төрағасы Ерболат Әнесұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий