Ұлттық ақпараттық науқаны : Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

Алдағы маусым айының 1-12 күндері аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен ұйымдастырылатын болады, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының баспасөз қызметі.

Науқанды өткізудің негізгі мақсаты қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.

Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған  жағдайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының – 8 (7112) 260463 сенім телефоны мен тұрақты жұмыс істейтін облыстық call-орталығына 1301 хабарласа аласыздар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий