Мектепке дейінгі тәрбие: Танымдық үрдістегі ойынның маңызы

Өрлеу” желілік қауымастық арасындағы «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту» семинарында «Түстер әлемі» тақырыбында «Сенсорика» оқу қызметі ұйымдастырылды. Басты мақсат:  балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету.

Әрі балалардың ой – өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Топқа әсем әуеннің  ырғағымен түстер әлеміне  түрлі-түсті шарларымен қонаққа сайқымазақ келді. Менің түстер әлеміме қош келдіңдер балақайлар! Балаларға түстер әлемінде  көптеген  тапсырмалар  бар екен түсіндірілді. Сайқымазақпен бірге балалар тапсырмаларын қызыға танытып орындады.

Түстер әлемінде түрлі ойындар ойнатылды. «Көліктердің дөңгелектерін орналастыру». Шарты: Көліктердің дөңгелектерін қақпақтар арқылы орналастыру, «Ұқсас пішіндерді тап». Шарты: Стақандар арқылы ұқсас пішіндерді табу, «Жасырынған пішінді тап». Шарты: Ыдыста салынған горохтардың арасынан пішіндерді табу, «Түстеріне орналастыру». Шарты: Кірпілердің инелері түсіп қалыпты. Кірпінің түсіне қарай инелерін қыстырғышпен қадап берейік. Ойынға деген балалардың ойлау,танымдық  қабілеттерін қызығушылықтарын арттыру.

Шынар Еслямқызы НУРМАНОВА,
№ 34 “Балбұлақ” бөбекжайындағы
“Айгөлек” кіші тобының тәрбиешісі,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий