ЕҰУ қызметкерлері көпірден секірген қызды құтқарып қалды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қауіпсіздік қызметінің мамандары – бақылаушы Асылбек Нұржанов пен аға бақылаушы Олжас Мусин, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту департаментінің қызметкер Биназар Әубеков аспалы көпірден суға секірген қыздың өмірін аман алып қалды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Оқиғаның мән-жайына келсек, 2021 жылдың 26 мамырында сағат 11.40-та Асылбек Нұржанов бекетте тұрып, көпірден суға секірген қызды байқап қалады. Кенет өзенге қарай жүгірген ол іле-шала артынан секіреді. Бұл туралы бүгінгі күннің батыры  былай дейді:  – Мен ол жерге барғанымда, бойжеткен өзенге құлап, су астында болатын. Мен ойланбастан, сырт киімімді шештім де, артынан секірдім. Қызды  жағаға шығарған кезде ол ес-түссіз болды.

Бұл кезде оларды аға бақылаушы Олжас Мусин мен қызметкер Биназар Әубеков «Ақбұлақ» өзенінің жағасында күтіп тұрған-ды. Олар суға батқан қызға  алғашқы көмек көрсетті. Көп ұзамай оқиға орнына ТЖМ мен жедел жәрдем де жеткен болатын. Асылбек Нұржанов ҚР ТЖМ «Суға батқандарды құтқару үшін» медалімен марапатталды. Жарайсыңдар, бейбіт заманның батырлары!

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий