Жамбыл облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Тараздағы «Мамыр саябағында»  облыстағы дарынды оқушылармен ашық аспан астында еркін форматында кездесті. Оған халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеңімпаз атанған 98 оқушы қатысты, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Жалпы 2020-2021 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан 153 оқушының 98-і (107 орын) жеңімпаз атанып, алтын, күміс, қола медальдармен және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оның 22-сі алтын, 33-і күміс, 52-і қола медаль иегерлері. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында түрлі интеллектуалдық ойындар мен пәндік олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысқан жамбылдық оқушылардың 16842-сі жеңімпаз атанды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында ауыл мектептерінде оқитын оқушыларды қолдауға бағытталған «Мың бала» олимпиадасының қорытындысы бойынша облыстағы 91 оқушы жүлдегер атанды. Оның ішінде 5-сыныпта оқитын 33 оқушы Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге ие болса, 6-сыныптағы 58 оқушы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданды.

Бұдан бөлек «Айқанат» олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атанған 22 оқушы Бурабай қаласында жаңадан ашылған «IQanat Kazakh-English High School» мектебінде оқуға мүмкіндік алды. Жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі «Елбасы медалі» бағдарламасына облыс бойынша төрт жүзден астам оқушы қатысып,  128 оқушы қола медальмен марапатталды. Олар алты ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды. 

Сонымен қатар, биылғы оқу жылында халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда жамбылдық дарынды оқушылар 1032 жүлделі орынды иеленді. Оның 216-і алтын, 369-і  күміс, 447-і қола медаль иегерлері. Ал республикалық пәндік олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда 1440 жүлделі орындарды иеленсе, оның 357-сі алтын, 491-і күміс, 592-сі қола медаль. Биылғы жылы пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде 35 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 8-і алтын, 12-і күміс және 15-і қола медаль иегері.

Ерекше атап өтетін жайт, облыс оқушыларынан құралған команда республикалық пән олимпиадасының және ғылыми жобалар жарысынан 12 жыл қатарынан командалық бірінші орынды иеленіп, «Ең үздік команда» атанып келеді. Бұдан бөлек өңірдің сегіз мектебі «100 үздік мектептің» қатарына енсе, дарынды ер балаларға арналған «Білім – инновация» лицей интернаты «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» атағын иеленді. Кездесу барысында оқушылар қол жеткізген  жетістіктері мен алдағы жоспар туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ, жастардың бастамасына қолдау көрсетіп отыратын облыс әкіміне алғыстарын жеткізді. Өңір жетекшісі өз кезегінде жас өрендердің риясыз көңілмен қойған сұрақтарына ашық жауап берпі, кездесуге қатысқан жастарға үлкен сенім артатындығын жеткізді. Кездесу соңында облыс әкімі дарынды жастарға Алғыс хат, 100 мың теңгенің сертификатын және жеңімпаз оқушыларды дайындаған жиырма мұғалімге Құрмет грамотасын тапсырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий