ЕҰУ Львов ұлттық университетімен меморандумға қол қойды

Ерлан Сыдықов бастаған Еуразия ұлттық университетінің делегациясы Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Кәлетаевпен бірге ЛҰУ ректоры Володимир Мельник бастаған Иван Франк атындағы Львов ұлттық университетінің өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екі елдің жоғары білім беру жүйесінің перспективалық бағыттары саласындағы екі жақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады. Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов негізгі үрдістерге баса назар аудара отырып, украиндық әріптестеріне қазақстандық жоғары мектеп жүйесінің реформалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді

Кездесу қорытындысы бойынша ЕҰУ мен ЛҰУ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім шеңберінде студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын, академиялық ұтқырлықты, ғылыми зерттеу жобаларын және тағы да басқа мүмкіндіктерді жүзеге асыру саласында өзара іс-қимыл жасау жоспарлануда.

Сондай-ақ ЕҰУ өкілдері Львов қаласына сапары кезінде Львов облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Максим Козыцкиймен және облыстық Кеңестің басшысы Ирина Гримакпен кездесті. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий