Атырауда үздік әскери-патриоттық бейнеролик байқауының жеңімпаздары анықталды

Атырау облысының әскери-патриоттық клубтары мен «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері «Қарулы Күштер – қауіпсіздік тірегі» байқауында «Үздік видео» аталымы бойынша өз жұмыстарын ұсынды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі. Байқауға 8 бен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Бейнероликтер «Қуатты армия – ел тірегі» және «Біз батырлардың ерліктерін ұмытпаймыз» аталымы бойынша ұсынылды.

– Барлығы екі аталым бойынша отыздан астам жұмыстар қаралды. Бізге жас ұрпақтың ойларының өзіндік ерекшелігі және ақпаратты жеткізу тәсілдері қатты ұнады. Байқау комиссиясы барлық жұмыстарды қарап, зерттеп, олардың ішіндегі ең жақсысын анықтады. Болашақта біз бұл бағыттағы жұмысты күшейтеміз, өйткені қысқа тақырыптық бейнематериалдар қазіргі кезде әлеуметтік желілерде жақсы жақсы қабылданып келуде, – дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары капитан Жасұлан Сатбалдиев.

Байқау қорытындысы бойынша Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттері екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Олар аймақтағы қорғаныс істері жөніндегі Департменті бастығының Грамоталарымен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий