М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті Кравченко Зоя Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия ұтып алды

М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті Кравченко Зоя Токиода өтетін Олимпиадаға стенд атудан лицензия ұтып алды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің ресми мәліметіне сілтеме жасау арқылы.

Бұл Халықаралық стенд ату спорты федерациясының (ISSF) қосымша квота бөлу бойынша  өткен Еуропа чемпионатынан кейін мүмкін болды. Рейтингке сәйкес, жолдамалардың бірі қазақстандық спортшы Зоя Кравченкоға берілді. Зоя  стенд атудан “скит” бағдарламасы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы құрамында Нью-Делиде (Үндістан) өткен әлем кубогінде «скит» бағдарламасы бойынша командалық есепте Алтын медаль және жеке сында күміс медаль жеңіп алған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий