Қостанай облысы: Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«Kamlitkz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен облыстық білім басқармасы және Набережные Челны қаласындағы (РФ) «Машина жасаудың қолданбалы біліктіліктерінің көпфункционалды орталығы» қосымша кәсіби білім беру қауымдастығы арасында машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Қостанай өңіріндегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Қостанай автомобиль көлігі колледжі Қостанай облысының машина жасау саласы үшін құзыреттілік және мамандар даярлау орталығы болып табылады. «КАМАЗ» жобасы шеңберінде Қостанайда екі зауыт салынуда: шойын құю және жетекші белдемелер жасау. Осы жобаны жүзеге асыру үшін автомобиль көлігі колледжінде алты жаңа мамандық ашылды. 125 студент жаңа мамандықтар бойынша бірінші курсты бітірді.

Биыл жаңа жұмысқа қабылдау басталады. Білікті мамандарды даярлау үшін жергілікті бюджеттен төрт жаңа зертхана сатып алуға қаражат бөлінді. Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің «КАМАЗ» ЖАҚ зауыттарында және ПҚХО-да тағылымдамалары жоспарланған. Сонымен қатар, «КАМАЗ» ЖАҚ зауыттарында колледж студенттерінің өндірістік практикасын ұйымдастыру, жоғары білікті кадрларды даярлау үшін жұмыс оқу бағдарламаларын келісу.

«KamLitKZ» ЖШС өндіріс өкілдерінің аралық және қорытынды аттестаттауға қатысуы жоспарланып отыр. Барлық осы шаралар колледжге еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес , болашақта жұмыс істеуге, үздік студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий