Маңғыстау облысы: Мектеп музейіндегі сабақтар

“Бірлік, ынтымақ, тұтастық – Қазақ­станның арғы-бергі тари­хының ең ғибратты тағылымы осы!” – деген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындар­лы сөзі Ұлттық музейдің тұғырнамасын айқындайды. Мұражай бұрынғы мен қазіргі материалдық және рухани мәдениетті сақтап, насихаттайтын киелі орын. Мектеп мұражайының басты мақсаты – мұражайдағы тарихи құжаттар мен жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұстаздарға деген құрметке тәрбиелеу, оларға мектептің жетісіктерін таныту, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Білім ордасындағы мұражай – оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын, патриотизмге тәрбиелейтін, зеректігін арттыратын үлкен тәрбие құралы болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұражайы базасында біраз жұмыстар атқарылып келеді. Мектеп мұражайының маңызы оқушылардың патриоттық санасын тәрбиелеу мақсатында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда бізге дейін өмір сүргендерді өз жақтастары етуге, олардың ғылым, мәдениет, білім беру салаларындағы тәжірибесін қолдануға ерекше мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы бойынша білім беру ұйымдарында 40 мұражай жұмыс істейді. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының бастамасымен халықаралық музейлер күніне орай оқушылар мен жастардың азаматтық тәрбиесін жетілдіру, мектеп музейінің рөлін арттыру, музей педагогикасы арқылы оқушыларды әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру жолында жаңа тәсілдерді іздеу мақсатында, музей жетекшілері арасында облыстық «Мектеп музейіндегі сабақтар» байқауы қашықтан ұйымдастырылды.

Байқауға жалпы білім беретін ұйымдардың 12 музей жетекшісі қатысты. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар «Креативті мектеп музейі» аталымы бойынша инновациялық технологияларды қолданып, жаңа ракурсты анықтап, жаңа форматта сабақ көрсетсе, «Туған өлкенің кейіпкері» номинациясында туған өлкенің соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, өлкеге танымал тұлғалар туралы мазмұнды және патриоттық өнеге аларлық әңгіме бағытында бейнематериалдарын ұсынды. Барлығы жиырма жұмыс қаралып, зерделенді. Байқау соңында жеңімпаз атанған 7 мектеп музей жетекшілеріне дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий