Балғын чемпиондар оралдық

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған «Былғары доп-Балдәурен» турнирінде Орал қаласы мектептерінің қос командасы чемпион атанды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Алматы қаласында 3-4 сынып оқушылары арасындағы республикалық жарысқа облысымыздан үш команда аттанған болатын. Олар – Орал қаласы №17 ЖОББ мектептің, №42 «Ақ ниет» гмназиясының және Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінің командалары. Жарыс мамыр айының соңғы күндерінде ұйымдастырылды. Турнирде Орал қаласы №17 ЖОББ мектептің 3-сынып қыздар командасы бірінші орын алды.

№42 «Ақ ниет» гимназиясының 3-сынып ұлдар командасы да қарсыластарынан озып, алғашқы саптан көрінді. Чемпион атанған қыздардың жетекшісі – Алексей Куденко, чемпион ұлдардың жаттықтырушысы – Руслан Темірболат. Сондай-ақ осы жарыста Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінің 4-сынып ұлдар командасы да екінші орын алған. Жетексі – Қажет Жалитов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий