Атырауда республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды

2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.


Аймақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова құттықтап, медальдар мен дипломдар табыстады. – Республикалық олимпиадаға облысымыздан 72 оқушы қатысып, оның 42-сі жүлдегер, жеңімпаз атануы – үлкен жетістік! Бұл – бірлестікте атқарылған жұмыстың жемісі. Олимпиадаға дайындау мақсатымен оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Сіздерге дәріс беру үшін өлкеміздің ең үздік ұстаздары топтастырылды, пән мұғалімдері үздіксіз дайындықты қамтамасыз етті, -деген Бақытгүл Қайыржанқызы шәкірттерін жетістікке жеткізген барлық мұғалімдерге ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ алдағы халықаралық олимпиадаларда толағай табыстар тіледі. Жүлде алған оқушылардың атынан сөз алған республикалық олимпиадада Қазақстан тарихы пәнінен алтын медаль иеленген Атырау қаласы №38 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Тұяқбай Бердібайұлы ұстаздарына алғыс білдірді. Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадасының қорытындысына сәйкес, атыраулық жеңімпаздар жалпы медаль саны бойынша төртінші орынға ие болды.

 

Олимпиадаға облысымыздан 72 оқушы қатысса, соның 42-і жүлдеге ілікті. бірінші орынға ие болғандар саны – 6, екінші орынға ие болғандар – 17 оқушы, 19 оқушы үшінші орынды еншілеген болатын. Ал гуманитарлық пәндер бойынша облысымыз республика бойынша алғашқы қатардан көрінді. Тағы бір қуанышты жаңалық, облыстық “Білім-Инновация” лицейі білім көрсеткіші бойынша республикада топжарған еді. Атыраулық 3 білім беру ұйымы еліміздегі ең үздік жүз мектептің қатарына қосылды. Бұдан бөлек, аймағымыз ең үздік олимпиадалық команда атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий