Қызылорда облысы: ІТ мектеп оқушыларға журналистика ілімін үйретеді

Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 ІТ мектебі аймақтағы алғашқы «Бағдарламалау мектебі» ретінде жұмысты үйлестіретін болады. Білім ұясы жазғы мектептегі сабақ процесін ІТ бағытпен байланыстырады. Ол үшін арнайы жобалар мен үйлермен іске қосылды. Өткен аптаның соңында жаңа жобалардың жұмысы таныстырылды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, оқу-әдістемелік орталығының директоры Сырым Асқаров, қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева, ІТ саласының мамандары мен «Серіктес директорлар» лигасының директорлары қатысты. Қонақтар алдымен жазғы мектеп аясында іске асырылатын жұмыстарды бақылады. Мұнан кейін оқушылар «Face reqinaration» жобасын таныстырды. Жобаны жасаған оқушылар мектептің ішкі қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы іске асырған.

Яғни кез келген адамның бейнесі арқылы оның google жүйесінде сақталған мәліметтері экранға шығарылады. Сондай-ақ, мектепте «Әлеуметтік педагог» мобильді қосымшасы іске қосылып, бағдарламалау аясындағы 11 үйірме жұмысы жолға қойылған. Балалар «Логика және Stop Motion», «Логика және Stop Motion», «Mobilegraphy» үйірмесі мен «Scratch» бағдарламалау, анимациялау», «Mation-дизайн», «Java программалау тілі» үйірмесіне қатысады.

Білім ұясында жаңадан «Diqital school studio» студиясы ашылып, ІТ журналистика үйірмесі жұмысын бастайды. Шығармашылыққа бейім жастардың мекені болатын үйірме үш бағытта жұмыс жасайды. Үйірмеде оқушылар дайын мобилографика бағдарламасымен смартфон, планшет гаджеттерде сапалы да креативті фотоларды өңдеп, түрліше контент жасауды үйренеді. Ал, видеоға әуес оқушылар Windows Movie Maker,Sony Vegas Pro бағдарламаларымен жұмыс жасау арқылы видеоларды қысқарту, артқы фондарды өңдеу, әрлеу, дыбыстық жүйесін реттеу, бейне жазбаларды біріктіру секілді мүмкіндіктерді атқарады. 

Шара барысында талантты оқушылар Ақзира Бақтыбайқызын еркін сұхбат алаңына шақырып, сауалдарын қойды. Жаңа студия алаңында «Qyzylorda» телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала мен мектеп директоры Ләззат Әбенова екіжақты меморандумға қол қойып, ынтымақтастықта жұмыс жасауға уағдаласты. Таныстырылым қорытындысында аймақтың бас ұстазы бұл білім шаңырағындағы тың тәжірибені облыс орталығындағы ІТ мәртебесі бар барлық мектептерге кеңінен тарату қажеттігін айрықша атап айтып, зерек шәкірттердің жаңаша бағыттағы жобаларға ерекше құлшынысын жоғары бағалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий