Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты Салалық комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі.

Отырысқа әр тараптан 9 өкілден комиссияның 27 мүшесі шақырылды. Бейнебайланыс режимінде өткен отырысты Комиссия төрағасы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Қаринова ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды: «Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 2020 жылғы жұмыс жоспарының орындалуы туралы» және «Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындауына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы» «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары В.Беженаров баяндады.

«Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы туралы» ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бас сарапшысы Р. Меңдалиева айтып берді. ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама қорытындылары туралы Салалық кәсіподақтың төраға орынбасары Ә.Әбиева ақпарат берді. Комиссия мүшелері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындауына қоғамдық бақылауды дамыту мәселелеріндегі оң жұмысын атап өтті.

Келісім Тараптары Білім және ғылым саласындағы қоғамдық бақылау институтын одан әрі дамыту және жұмыс берушілер өкілдерінің қоғамдық бақылауды жүзеге асыру шеңберінде еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге қарсы іс-қимыл жасау жағдайларын болдырмау туралы шешім қабылдады. Салалық комиссия отырысы сындарлы жағдайда өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий